«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Асан ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 2025 жылы (өсу есебімен) көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы

 Асан ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен

2025 жылы (өсу есебімен) көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

есебі

«Асан ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы төмендегіше мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Олар:

  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 1 (Е-лицензия жүйесі),
  • Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет, меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу – 0,
  • Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 0,
  • Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру – 3,
  • Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату – 1,
  • Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту – 6.

Барлығы 11 қызмет түрі көрсетілді.

 «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сай, қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар тұскен жоқ, мерзімінен кешіктіріліп толтырылған қызметтер болған жоқ. Заңнама талаптарының бұзылу фактілері, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер, көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту фактілері тіркелген жоқ, оның сапасына шағымдар түскен жоқ.

Округ әкімінің ғимаратында қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орнатылған.

Ғимаратта қызмет алушылардың назарына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін ақпараттық стенд орнатылған.

Ауылдық округ әкімі аппаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс жасайды. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына дербес компьютер мен принтер қойылған. Басты мақсат – қызмет алушыларға барынша жағдай жасау, қызмет беруші мен қызмет алушы арасындағы бетпе-бет қарым-қатынасты болдырмау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, халық арасында «Еgov.kz» электронды порталын кеңінен танымал ету. Қызмет алуға келген тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді электронды алу тәсілін үйрету жұмыстары үнемі жүргізілуде.

2025 жылы округ бойынша «Еgov.kz» электронды веб-порталы арқылы: 12 тұрғынға электрондық сандық қолтаңба кілттері қайтадан шығарылды,        49 тұрғынға жаңадан электрондық сандық қолтаңба алынды, 81 адам электрондық қолтаңба мерзімі ұзартылды. Жыл ішінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы ланынған басқа да мемлекеттік қызмет түрлеріне талдау: медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту – 6, зейнетақы аударымдары – 4, наркологиялық үйымнан, психоневрологиялық ұйымнан анықтама алу – 2, жылжымайтын мүліктің жоқтығы (бар болуы) туралы анықтама – 4, әлеуметтік аударымдар жөнінде ақпарат алу – 4, соттылығы болуы немесе болмауы – 1, мұрағаттан анықтама алу – 2, жұмыссыздыққа тіркеу – 35 өтініш берілді, т.б.

Қызмет берушілермен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс шаралар жұмыстары аудан әкімі аппарат басшысымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру жөніндегі медиа-жоспарына» сәйкес жүргізілді. «Сапалы қызмет – әркез назарда» атты мақала аудандық «Серпер» газетінің 02.07.2025ж №26 номерінде, округтің фейсбук парақшасына 6 мақала жарияланды.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамалық актілерді халық арасында кеңінен насихаттау, құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша онлайн Ашық есік күні 2025 жылғы 11 ақпан күні тікелей эфир арқылы өткізілді.

Дата публикации
19 февраля 2026