GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
02 июля 2026
Құрманғазы мен Исатай ауданында теміржол вокзалының жаңа ғимараты пайдалануға берілді

Атырау облысының Құрманғазы және Исатай аудандарында қайта жаңғыртылған Ганюшкино және Аққыстау теміржол вокзалдары пайдалануға берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, «Қазақстан теміржолы ҰК» АҚ «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры Аралбай Қосымбаев қатысты,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде көлік саласын жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде. Республика бойынша 100-ден астам теміржол вокзалы жаңғыртылып жатса, соның тоғызы Атырау облысында. Бүгінде заманауи талаптарға сай жабдықталған, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалған жаңа вокзалдар пайдалануға беріліп отыр. Бұл – өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, көлік қатынасының қолжетімділігі мен қызмет көрсету деңгейін жақсартуға бағытталған маңызды жоба, – деді Қайрат Нұртаев.

Ганюшкино теміржол вокзалы – Қазақстанның батыс қақпасындағы маңызды көлік тораптарының бірі. Ал Аққыстау вокзалы ұзақ жылдар бойы аудан тұрғындары мен жолаушыларға қызмет көрсетіп келеді. Қайта жаңғырту нәтижесінде екі нысан да заманауи стандарттарға сәйкестендірілді. Вокзалдарда мүгедектігі бар азаматтар мен балалы аналарға арналған арнайы бөлмелер қарастырылып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалды. Жоба «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Салтанатты жиында Қайрат Нұртаев мердігер ұйым – «Батысстройсервис» компаниясының ұжымына өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, құрылыс жұмыстарына атсалысқан мамандардың еңбегін жоғары бағалады. Сондай-ақ аудан теміржолшылары мен құрылыс компаниясының бірқатар қызметкеріне облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Айта кетейік, былтыр Атырау облысында тоғыз теміржол вокзалын жаңғырту және қайта салу жұмыстары басталған болатын. Бүгінде Атырау, Мұқыр және Жамансор вокзалдарында реконструкциялау жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар Сағыз, Доссор және Исатай елді мекендерінде жаңа вокзал ғимараттарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Барлық жобаны жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

03 июня 2026
Солтүстік айналма жол мен «Атырау–Индер» тасжолы
Атырауда Солтүстік айналма жол мен «Атырау–Индер» тасжолының қиылысуына қатысты жобалық шешімдер қабылданды
Атырау қаласының Солтүстік айналма автомобиль жолы жобасының «Атырау–Индер» автомобиль жолымен қиылысуына байланысты арнайы жиын өтті. Кездесуге «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы облыстық филиалының өкілдері, Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, сондай-ақ мердігер мекемелер қатысты.
Жиын барысында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік ағынын тиімді ұйымдастыру және құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу мәселелері талқыланып, тиісті жобалық шешімдер қабылданды.
Мамандардың айтуынша, аталған инфрақұрылымдық жобаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде іске асыру басқарманың тұрақты бақылауында болады. Сонымен қатар, құрылыс барысында туындайтын мәселелерге байланысты алдағы уақытта да тиімді инженерлік және жобалық шешімдер қабылданбақ.
03 июня 2026
Құрманғазы ауданында «7 разъезд - Асан - Азғыр - Балқұдық - Сүйіндік» автомобиль жолы
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда
Құрманғазы ауданында «7 разъезд - Асан - Азғыр - Балқұдық - Сүйіндік» автомобиль жолын тегістеу және профильдеу жұмыстарын Ганюшкин-Құрылыс ЖШС атқаруда.
Сонымен қатар Атырау-Индер автомобиль жолы бойында шұңқырларды бітеу және жол жабындысындағы жарықшақтарға битум құю жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарды мердігер мекеме “AG Disinfection Services” жүзеге асыруда.
Бұдан бөлек «Құрманғазы - Приморье - Утеры - Котяевка» автомобиль жолында тазалық жұмыстары жүргізіліп, жол таңбаларын сызу, жасанды жол кедергілері мен жол белгілерін қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған
08 мая 2026
Биыл аймақта 9 вокзалдың құрылысы аяқталады

Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Сағыз, Мақат, Доссор, Аққыстау, Исатай және Ақкөл вокзалдарындағы қайта жаңғырту жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.

Жыл соңына дейін Атырау, Мұқыр және Жамансор вокзалдарындағы қайта жаңғырту жұмыстары аяқталады.
Құрылыс нысандарын Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев сала басшыларымен бірге аралап, жұмыстардың сапалы атқарылуын тапсырды.

Жобалар EPS контракт негізінде жүзеге асырылуда. Құрылыс және жөндеу барысында заманауи талаптар мен стандарттар толық ескерілген. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта қалыптастыруға ерекше назар аударылған.

Атырау облысының аумағында жалпы саны 16 теміржол вокзалы бар. Олардың барлығы Қазақстан Темір Жолы акционерлік қоғамының теңгерімінде.
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ мен Атырау облысы әкімдігі бірлесіп 9 вокзалда жөндеу және жаңғырту жұмыстарын қолға алды.

08 мая 2026
Махамбет ауданында жалпы ұзындығы 78,8 шақырымды құрайтын жол құрылысы жүргізілуде

Талдыкөл ауылына кірме автомобиль жолының 6,3 км күрделі жөндеуі, Сарайшық ауылының 13,7 км ауылішілік жолдары, Жалғансай ауылындағы 9,6 км жол және Тандай ауылындағы 6,1 км ауылішілік автомобиль жолдары (жаяу жүргіншілер жолдарымен бірге) қамтылып отыр.

Сонымен қатар, Махамбет ауылындағы 1-кезең (11,3 км) және 3-кезең (18,3 км) жол құрылысы, Ақтоғай ауылына кірме 2,2 км жол, Есбол ауылындағы 2 км, Еңбекшіл ауылындағы 1 км, Ортақшыл ауылындағы 3,2 км және Алға ауылындағы 5,1 км жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл нысандарға Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев сала басшыларымен бірге Махамбет ауданына жұмыс сапары барысында барып, бірқатар инфрақұрылымдық нысанды аралады.

Жүргізіліп жатқан барлық жол құрылысы жұмыстары облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың тұрақты бақылауында. Нысандардың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы сала мамандары тарапынан қадағаланып отыр.

08 мая 2026
Облыстық маңызы бар «Атырау–Индер» жолының шұңқырлары жөнделеді

Облыстық маңызы бар «Атырау — Индер» автомобиль жолын күтіп ұстау бағдарламасы аясында жоспарлы жұмыстар басталды. Бүгінде жол бойында санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында жаңа қоқыс жәшіктері орнатылып, асфальт бетіндегі жарықтарды жабу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, келесі аптадан бастап жолдың зақымдалған бөліктерінде шұңқырларды жөндеу (ямочный ремонт) жұмыстары басталады деп жоспарлануда.

Аталған шаралар жол жабынының сапасын сақтау, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

06 мая 2025
Хабарландыру

2025 жылдың 05 мамырдағы «Жолаушылар мен багажды автомобильмен облысаралық № 1 лот «Атырау–Ақтау-Атырау», тұрақты тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс ұйымдастыру және өткізу комиссия» отырысының № 2 хаттамасына сәйкес, «Caspian Trans Corporation»  ЖШС-гі жеңімпаз болып танылғандығын  хабарлайды.

 

06 мая 2025
Атырау облысында жол сапасын жақсартуға бағытталған тағы 7 жоба аясындағы жұмыстар басталды
Өңірде көлік қатынасының қауіпсіздігін арттырып, инфрақұрылым сапасын жақсарту мақсатында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
 
 
Облыстық маңызы бар Атырау-Астрахань тас жолының 616–621 шақырым аралығындағы, яғни, Атырау қаласына кіреберіс бөлігін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын «Казахдорстрой» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. Бұл жұмысты 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Аталған учаске III санаттан I санатқа ауыстырылып, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгеріміне берілген. Соған сәйкес жол енді төрт жолақты болып кеңейтіледі. Жалпы ұзындығы – 5 шақырым. Оның ішінде теміржол өткелінің үстінен өтетін ұзындығы 89,4 метрлік үлкен көпір бар. Жоба аясында ескі көпір толық бұзылып, жаңадан салынады. Қазіргі уақытта ескі жол қабатын бұзу және айналма жол салу жұмыстары жүргізілуде.
 
«Индер–Қарабау–Миялы–Сағыз» жолының 115 шақырымын, яғни, Миялы мен Сағыз ауылының аралығындағы бөлігін орташа жөндеу жұмыстарын осы жылы бастау жоспарланып отыр. Бұл жұмыс жолдың 202-317 шақырым аралығында өтеді. Жоба аясында жасалатын жұмыстар: 115 км жолдың негізгі қабатын тегістеу, жер жамылғысы бойынша шағын учаскелерді көтеру және кеңейту, сьездердің құрылғысы, дәретханалар, қызмет көрсету павильондарының құрылысы, асфальт төсеу, жолақтар салу, жол бойындағы белгілерді ауыстыру, құбырларды алмастыру, жол жиектерін нығайту.
Бүгінде осы автомобиль жолдарының құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме анықталды. Жоба 2026 жылдың мамырында аяқталады.
 
 
Атырау–Индер бағытының 67–117 шақырымына орташа жөндеу жүргізілуде.
Ұзындығы – 50 км. Құрылысы биыл сәуірде басталған жолды жөндеу жұмыстары қарашада аяқталуы тиіс. 
 
Сондай-ақ биыл 3 аудан орталығына және Исатай ауданына қарасты Қызылүй ауылына кіреберіс жолдар орташа жөндеуден өтпек.Олар: 
 
•Мақат ауылы – 4,53 км жол ;
•Қызылүй ауылы – 32 км жол ;
•Аққыстау ауылы – 0,8 км жол ; 
•Құрманғазы ауылы – 0,975 км жол.
 
Бұл жобалар аясында асфальт төсеу, жолақ сызу, белгілер мен жарық шамдарын орнату, жол жиектерін нығайту жұмыстары қамтылады. Бүгінде осы 4 жобаны іске асыру үшін мемлекеттік сатып алу порталы арқылы мердігер мекемені анықтау процессі жүруде.
09 декабря 2024
Хабарландыру

2024 жылдың 9 желтоқсандағы «Жолаушылар мен багажды автомобильмен облысішілік № 1 лот №96 «Атырау–Құрманғазы-Атырау», тұрақты тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс ұйымдастыру және өткізу комиссия» отырысының № 1 хаттамасына сәйкес, «Akzhayik Avtopark» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылғандығын  хабарлайды.

03 декабря 2024
Хабарландыру!!!

                                                                    Хабарландыру!!!

 

Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты
      тасымалдау маршрутына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы

-№ 1 лот облысішілік «№96 Атырау-Құрманғазы-Атырау» маршруты

 

 «Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-сі  2024 жылы желтоқсан айының «2» сағат 11:00-де  жоспарланған жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу күні конкурс комиссия төрағасының белгілі себептермен қатыса алмауына орай, мерзімі және уақыты 2024 жылдың 9 желтоқсан    сағат 10:30-ға өзгертілгендігін хабарлайды.

Мекен-жайы:Атырау облысы әкімдігі Әйтеке би, 77, 5 қабат, 504 бөлмесі.

Анықтама алу үшiн телефондар:8 7122 32-02-60, 87784370780, 87017915598.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы