Меню

Страницы

Статья

Атырау-Түркістан-Атырау тікелей рейсі

 

                    Атырау-Түркістан-Атырау тікелей рейсі

 Бұрындары атыраулықтар Түркістанға пойызбен жету үшін тәуліктен астам уақыттарын жоғалтатын болса, 28 наурыздан бастап мұнай астанасының тұрғындары киелі шаһарға жылдам, қауіпсіз және арзан бағаға (пойыз бағасына тең) қатынауға мүмкіндік алады. FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы Қазақстанның екі қала арасында жұма және жексенбі күндері жайлы Airbus А320 ұшағымен орындалатын тікелей рейстерді іске қосады.

Бір бағыттағы билеттердің ең төменгі құны 9 мың теңгеден басталады, ол бір дана қол жүгін (5 кг дейін) қамтиды. Билеттер FlyArystan App мобильді қосымшасында және flyarystan.com сайтында қолжетімді.

FlyArystan – Қазақстан мен Еуразияның алғашқы лоукостері. Бірінші сапары 2019 жылы мамырда орындалды. Бүгінгі таңда лоукостер флотында 7 Airbus A320 ұшақтары бар және де олар эконом классты 180 орындықпен жабдықталған.

FlyArystan – Air Astana әуекомпаниясының еншілес компаниясы және қауіпсіздің стагдарттары Air Astana-мен бірдей.

 

 

 

         

Дата публикации
10 февраля 2021
Дата обновления
10 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

24 февраля 2025
Хабарландыру
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
27 ноября 2023
Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршрутына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы