Меню

Страницы

Статья

Басқармада көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша

Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша

 

Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан бүгінгі күнге 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Атап айтқанда, «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»  бойынша –   2020 жылдың 9 айына 1  лицензия берілді ( бас тартқаны- 1).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.e.gov.kz электрондық үкіметтің порталы арқылы жүзеге асырылады.

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»  мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:     

лицензияны беру – 5 жұмыс күн;     

лицензияны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күн; 

лицензияның телнұсқасын беру –  2 жұмыс күн;

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Лицензиялық алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"  2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алымдар мөлшерлемесі бойынша жергілікті бюджетке төленеді және мыналарды құрайды:

      1) лицензияны, сондай-ақ лицензияның телнұсқасын беруге – алымды төлеу күні қолданылатын үш еселенген айлық есептік көрсеткіш;

      2) лицензияны қайта ресімдеуге – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден 10%.

            Лицензия алуға қажетті құжаттар топтамасы- өтінім, автобустардың құжаты оған қоса азаматтық-құқықтық жауапкершілігін және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының және автобустардың техникалық жарамдылығы бойынша құжаттар (техосмотр) болуы, жөндеу-өндірістік базасының болуы, автобустарда тахографтың болуы, автобустарды рейс алдында техникалық және медициналық тексеруді жүзеге асыратын білікті мамадардың құжаттары

 «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктер беру» бойынша – 2020 жылдың 9 айына - 118 куәлік (оның ішінде бас тартқаны- 8) берілді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік коррпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және www.e.gov.kz электрондық үкіметтің порталы арқылы жүзеге асырылады.

«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру - емтиханды сәтті тапсырған кезден бастап – 3 (үш) жұмыс күні;

      өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 2 (екі) жұмыс күні;

      бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 3 (үш) жұмыс күні;

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі.

Куәлікті алуға қажетті құжаттар топтамасы – өтініш, кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргендігі туралы куәлік, №083 медициналық анықтама, 2,5*3,5 см мөлшеріндегі фото.

 

 

Дата публикации
19 октября 2020
Дата обновления
19 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

24 февраля 2025
Хабарландыру
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
27 ноября 2023
Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршрутына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы