Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты
тасымалдау маршрутына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы
Хабарландыру
- «Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-сі 2023 жылы желтоқсан айының «28» сағат 11:00-де Атырау қаласы Молдағалиев көшесі Атырау-Ақпарат ғимаратының 3 қабаты, 305 бөлмесі мекен-жайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай маршруттың пакетi (маршрут)
шығарылады:
- № 1 лот облысішілік «№98 Атырау-Аққыстау-Атырау» маршруты
- № 2 лот облысаралық «Атырау – Ақтөбе -Атырау» маршруты
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында
немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысуға құқылы.
- Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Атырау қаласы, Молдағалиев көшесі Атырау-Ақпарат ғимаратының 3 қабаты, 305 бөлме мекен-жайы бойынша немесе zh.akinov@atyraugov.kz электрондық пошта бойынша ұсынуы тиіс.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2023 жылғы «12» желтоқсан, сағат 18:30-ға дейін.
- 2023 жылғы 29 қараша сағат 11:00-де Атырау қаласы Молдағалиев көшесі Атырау-Ақпарат ғимаратының 3 қабаты, 305 бөлмесі мекен-жайы бойынша конкурстық комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
- Анықтама алу үшiн телефондар: 8 7132 45-83-25, 8775 679 68 39