Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, Атырау облысының жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-1-бабына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, Атырау облысының жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
- «Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Атырау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы М.Хайруллиев
Атырау облыстық
мәслихатының
2025 жылғы «__» _______
№ ___ шешімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, Атырау облысының жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, Атырау облысының жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары (бұдан рәі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-1-бабына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншікте болатын арнайы аландарда немесе тұрақтарда (бұдан әрі – Арнайы тұрақ) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамада қаралған негізде тоқтатылған автокөлік құралдарының, кемелердің, оның ішінде шағын кемелердің (бұдан әрі – КҚ) жеткізуді (эвакуациялау), ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
- КҚ-ны ұстауға және Арнайы тұраққа жеткізуге негіз – Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуы.
2-тарау. Мемлекеттік органның лауазымды адамдарының сүйемелдеуімен
КҚ-ны басқаратын адам жүзеге асыратын КҚ-ын Арнайы тұраққа жеткізу тәртібі
- КҚ-ны ұстау туралы шешім қабылданған кезде лауазымды адам сәйкес хаттама мен ұстау актісін ресімдейді.
- КҚ-ны Арнайы тұраққа жеткізуді сүйемелдейтін көлік құралымен лауазымды адамдардың сүйемелдеуімен КҚ-ны басқаратын адам жүзеге асырады.
- Қозғалыс және тоқтаған кезінде лауазымды адамдар «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) Жол жүрісі қағидаларын (бұдан әрі – Жол жүрісі қағидалары) сақтай отырып, оның ішінде айналадағы жағдайды және ақпараттық-нұсқағыш белгілерді фото, аудио- және бейне тіркеуді жүргізеді және белгіленген маршрут бойында сүйемелденетін КҚ-на бақылау жасайды.
6 Сүйемелденетін КҚ-ның біреуі бұзылған, авария немесе еңсерілмейтін күштер әсер еткен кезде лауазымды адамдар КҚ-ын басқарушы адамға міндеттерін орындауға көмектеседі.
3-тарау. Арнайы көлік құралын қолдана отырып КҚ-ын Арнайы тұраққа жеткізу (эвакуациялау) тәртібі
- Егер КҚ-ын басқаратын адам КҚ-ны Арнайы тұраққа жеткізуден бас тартса немесе жеткізе алмаса лауазымды адам оны арнайы көлік құралын қолдана отырып жеткізуді (эвакуациялауды) ұйымдастырады.
- Жеткізуді (эвакуациялауды) бастамас бұрын лауазымды адам КҚ-ның фото- және бейнетүсіруін жүргізеді және актіде оның күйін (зақымданулардың болуы, отын деңгейі, салондағы құнды заттар) бекітеді.
- КҚ-ны жеткізу (эвакуациялау) Жол жүрісі қағидалары сәйкес жүргізіледі. Жеткізу (эвакуациялау) кезінде КҚ-ның зақымдаудан сақтайтын шаралар қолданылады.
- КҚ-ны Арнайы тұраққа жеткізу фактісі жеткізуді жүзеге асырған лауазымды адам мен Арнайы тұрақтың жауапты адамы қол қойған қабылдау-тапсыру актісімен ресімделеді.
4-тарау. Есепке алу және уақытша сақтауды ұйымдастыру
- Әрбір Арнайы тұрақта ұсталған КҚ-лардың есепке алу журналы жүргізіліп, онда келесі ақпарат енгізіледі:
1) КҚ-ның түскен күні мен уақыты;
2) КҚ-ның маркасы, моделі, мемлекеттік тіркеу нөмірі;
3) КҚ-ның шанақ нөмірі (VIN);
4) КҚ-ны жеткізген лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
5) ұстау негізі (хаттама реквизиттері);
6) сыртқы зақымдану белгілері;
7) КҚ-нықабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және қолтаңбасы.
- КҚ Арнайы тұрақтың бөлінген аумағында оның сақталуын және кедергісіз шығу мүмкіндігін қамтамасыз ететін әдіспен орналастырылады.
- Арнайы тұрақ аумағында ұсталған КҚ-ға қол жеткізу шектеулі. Тұрақтың жауапты тұлғасы олардың қорғалуы мен сақталуын қамтамасыз етеді.
- КҚ-ны ашу, одан заттар мен құжаттарды алу тек Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіпте, акт жасай отырып, өкілетті лауазымды тұлғалармен жүргізіледі.
5-тарау. Көлік құралын қайтару
- Ұсталған КҚ-ны оның иесіне немесе заңды өкіліне иелену құқығын растайтын құжат және ұстауды тоқтату туралы өкілетті органның шешімі не сот актісі негізінде қайтарылады.
- КҚ-ны қайтарылмас бұрын қайтару сәтіндегі оның жағдайы бекітілетін қабылдау-тапсыру актісі жасақталады. Иесі КҚ-ны алу туралы есепке алу журналында қол қояды.
- КҚ-ны жеткізу (эвакуациялау) және Арнайы тұрақта сақтаумен байланысты шығындар оның иесінің қаржысынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өндіріледі.
6-тарау. Қорытынды ережелер
- КҚ-ның иесі Арнайы тұрақтың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шағымдануға құқылы.
- Осы Ереженің сақталуына бақылау Атырау қаласы мен Атырау облысы аудандарының өкілетті жергілікті атқарушы органдарымен жүргізіледі.