Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Заңының 13-бабына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету және көлік қызметінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Азаматтарының жекелеген санаттарына Атырау облысы бойынша әлеуметтік мәні бар ауданаралық (қалааралық облысішілік) автомобиль қатынастарында (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы» Атырау облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен Атырау облыстық маслихатының шешімі жобасы жасақталып, Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланғандығын хабарлаймыз.
Аталған қаулы жобасына ескерту және (немесе) ұсыныстар келесі сілтеме бойынша енгізу мүмкін: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15619615