Қандай жолданымдар "Е-өтініш" АЖ-те есепке алынбайды?

ҚР Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы №4 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу , есепке алу, сондай ақ "Электронндық жолданымдар" ақпараттық талдау жүйесін жүргізу қағидаларының 15-трмағына сәйкес "Е-Өтініш" АЖ-да мыналар есепке алынбайды.

1) бір субъектіден екінші субъектіге келіп түскен қызметтік құжаттар;

2) жоғары тұрған органның нұсқаулары мен тапсырмалары;

3) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жолданымдарды қоспағанда, мемлекеттіік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жолданымдар;

4) жарнамасы бар ұсыныстар;

5) өтініштер, хабарлар, сұрау салулар, үн қосулар, ұсыныстар, өтінішхаттар қарау тәртібі Кодекстің 3-бабының 4-бөлігімен және "Прокуратура туралы" ҚР Конститутциялық заңының 24-бабының 9-тармағымен реттеледі

Дата публикации
03 сентября 2025