Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді алушыларға түсіндірме

Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан көрсетілетін

Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді

алушыларға түсіндірме

     Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а               2015 жылғы 17 сәуірдегі №457 бұйрығымен бекітілген «Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына атттестаттау қағидаларын бекіту туралы»  (бұдан әрі-Қағида) қағидасына орай, мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші жергілікті атқарушы органға Мемлекеттік корпорация немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы "Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемені жүргізу құқығына куәлiкті беру" мемлекеттік қызметі стандартының (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет стандарты) осы Қағидалардың 1-қосымша нысанына (бұдан әрі - 1-өтініш) және осы Қағидалардың 8-тармағындағы 1-1-қосымшасында қарастырылған құжаттарға сәйкес өтініш жібереді.

      Құжаттар портал арқылы жіберілген жағдайда, олар көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырады.

 Ескерту: Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемені жүргізу құқығына куәлiк алу үшін кеме жүргізуші курстары аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде немесе он екі ай ішінде үш реттен аса емтихан тапсырмаған адамдар оқу курсын жалпы негіздерде қайта өтеді.

      Емтиханды жақсы тапсырған кезде («Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына»   емтихан  нәтижесі мен осы Қағидалардың                                7-тармағында көрсетілген құжаттар бір жұмыс күні ішінде шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті ресімдеу үшін жергілікті атқарушы органға, яғни Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына  жіберіледі.

Емтиханды сәтті тапсырған өтініш берушілерге жергілікті атқарушы органдармен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша он жыл мерзімге шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер береді.

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру:

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"

2) www.egov.kz "электрондық үкіметі" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

1.)  Барлық кіші түрлері бойынша - емтиханды сәтті тапсырған кезден бастап - 2 (екі) жұмыс күні;

     Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

       Ескертпе: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз түрінде беру «Азаматтарға арналған үкімет»  Мемлекеттік корпорациясы» КЕ    АҚ-ы Атырау облысы   бойынша филиалы №1 бөлімі  арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда, дәлелді жауап түріндегі мемлекеттік қызметтің нәтижесі өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі.
   Мемлекеттік қызметті көрсету ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі.

«Азаматтарға арналған үкімет»  Мемлекеттік корпорациясы» КЕ                                                                   АҚ-ы Атырау облысы   бойынша филиалына:

1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:

- Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
- кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы диплом не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлік.

-  ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а 2020 жылғы 30 қазандағы №175/20 бұйрығымен  бекітілген №073/е нысанды  бойынша медициналық анықтама ;

- 2,5х3,5 сантиметр мөлшерiндегi екi фотосурет;
жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа адамды сәйкестендіру үшін ұсынылады).

Ескертпе: 073/е медициналық форманы толтырыру барысында  ережеге сәйкес дұрыс толтырылуына мән берілсе.

2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:
- осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
- 2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосурет;
- жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті алу үшін:
- осы Қағидаларға 1-қосымшаға  сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
- бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік;
- № 073/е бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;
- 2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;
- жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

4) жүзу ауданының және /немесе/ кеме үлгісінің өзгеруіне байланысты өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру.

  • осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
  • бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік;
  • № 073/е бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;
  • 2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;
  • жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

Мемлекеттік корпорацияға:

1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу:

- осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

- кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы диплом не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлік.

  - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 073/е нысаны бойынша медициналық анықтама,

- 2,5х3,5 сантиметр өлшемiндегi екi фотосурет;

2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқа:

- осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

- 2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі бір фотосурет;

3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік:

- осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

- бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік;

- № 073/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;

- 2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосурет;

4) жүзу ауданының және (немесе) кеме үлгісінің өзгеруіне байланысты өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру:

Электрондық үкіметтің веб-порталы:

1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік:

- осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және "электрондық үкіметінің" веб-порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық өтініш;

- кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын аяқталған туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтаманың) электрондық көшірмесі;

- № 073/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

- 2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосурет (емтиханды сәтті тапсырған жағдайда Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);

2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқа:

- осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және "электрондық үкіметінің" веб-порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық өтініш;

- 2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі бір фотосурет (Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды "электрондық үкіметінің" веб-порталға жіберген күні ұсынылады);

3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік:

- осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және "электрондық үкіметінің" веб-порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық өтініш;

-бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқа Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);

№ 073/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

- 2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі түрлі-түсті фотосурет (Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды "электрондық үкіметінің" веб-порталға жіберген күні ұсынылады).

4) жүзу ауданының және (немесе) кеме үлгісінің өзгеруіне байланысты өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру:

- осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және "электрондық үкіметінің" веб-порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық өтініш;

-бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқа Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);

- № 073/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

- 2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі түрлі-түсті фотосурет (Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды "электрондық үкіметінің" веб-порталға жіберген күні ұсынылады).

Дата публикации
02 июня 2025