Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша 2025 жылдың қаңтар-сәуір аралығындағы жай-күйі туралы талдамалық анықтама
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Атырау облысы әкімінің 2021 жылғы 9 наурыздағы №76-ө «Атырау облысының мемлекеттік органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобын құру туралы» және 2021 жылғы 2 сәуірдегі №121-ө «Атырау облысының мемлекеттік органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімдеріне сәйкес, Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қызметтеріне 2025 жылдың қаңтар мен сәуір аралығындағы жұмыс кезеңіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама төмендегі жұмыс тобымен жасақталды:
|
Маратов Нұржау Мұхтарұлы Наурызғалиев Жандос Жанболатұлы Жампейсов Нұрбол Аманкелдіұлы Шаяхмет Жалғас Ризабекұлы |
-
-
-
- |
Автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
Жоспарлау және даму бөлімінің басшысы
Жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы
Жоспарлау және даму бөілімінің бас маманы |
|
Абилова Айдана Маратқызы |
- |
Бас маман-заңгер |
Автомобиль жолдары, Жолаушылар көлігі және Жоспарлау және даму бөлімі, Бас есепші бас маман және бас маман-заңгер қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:
Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;
-2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Кодексі;
- «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілде №245 Заңы;
- «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі №436 Заңы
- Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 маусымдағы №137 қаулысымен бекітілген «Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы туралы ереже»;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №434-V Заңы;
- «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Кодексі;
- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1193 қаулысы;
- «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы;
- «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы;
- «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №939 қаулысы.
- 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының №414-V «Еңбек Кодексі»;
Талдау анықтамасы бойынша нормативтік-құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.
Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.
Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:
жалпы штат саны 15 бірлікті құрайды, қазіргі таңда 1 (1) бірлік (тұрақты бос);
Басқарма басшысы 2023 жылдың 26 қыркүйектен бастап тұрақты
қызмет атқаруда.
Басшының орынбасары 2024 жылдың 27 наурызынан бастап қызмет
атқаруда.
Автомобиль жолдары бөлімінде жалпы 5 (бес) бірлік, 2024 жылдың
1 наурызынан бастап осы бөлімнің бас маманы бөлім басшы лауазымына ауысу тәртібі негізінде басқарма басшысының 2024 жылғы 1 наурыздағы №25 бұйрығымен ауысты, (1) бірлік 2024 жылдың 4 қаңтарынан бастап жұмысқа қабылданды, (1) бірлік 2025 жылдың 14 сәуірен бастап №34 бұйрығымен мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындалған болатын және 2 (2 екі) бірлік тұрақты қызмет жасауда.
Жолаушылар көлігі бөлімінде жалпы 3 (үш )бірлік, бөлім басшысы
өз еркімен жұмыстан босатылып 2024 жылдың 26 тамызынан бастап №93 жқ 1 (бір) бірлік тұрақты қызмет атқарса, 1 (бір) бірлік 2023 жылдың 14 сәуірі №30 бұйрықпен жұмысқа қабылданды.
Жоспарлау және даму бөлімінде жалпы 3 (үш) бірлік. Бөлім басшысы
2019 жылдың 17 мамырдағы №37 бұйрығы негізінде бас маман лауазымынан бөлім басшысы лауазымына тағайындалды және 1 (бір) бірлік 2022 жылдың 25 қаңтардағы №5 бұйрығы негізінде жұмысқа қабылданды және 1 (бір) бірлік тұрақты бос орын.
Басқарманың бас маман-бас есепшісі 1 (бір) бірлік 2006 жылдан бері
тұрақты қызмет атқаруда.
Басқарманың бас маман-заңгері 1(бір) бірлік 2018 жылдан бері
тұрақты қызмет атқаруда.
2) мүдделер қақтығысын реттеу – 2025 жылдың 2 мамыр жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;
3) мемлекеттік қызмет көрсету- басқармада ағымдағы жылы 2025 жылдың 4 айына 116 бөлімдер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді:
3.Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу –0;
6.Тұрақты республикаішілік – автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына куәлік беру – 0;
4)рұқсат беру функциялары іске асыру- басқармада рұхсат беру функциясы іске асырылмайды;
5)бақылау функциялары іске асыру- басқармада 2023 жылы бақылау функциясы іске асырылмайды;
Талдау нәтижесі бойынша құқықбұзушылықтар анықталған жоқ;
6) басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер - жоқ;
7) басқармаға қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері – басқармаға қатысты тексерістер жүргізілген жоқ.
8) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияанымдар -қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;
9) басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері-басқарма қызметкеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;
10) прокурорлық кадағалау актілері бойынша жоқ.
11) сот актілері - басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.
№245 Заңының 13-бабы 1-1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы облыстық атқарушы органдардың құзыретіне жатады.
2024 жылы облыста жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, негізінен орта, күрделі, ағымдағы жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Іс жүзінде жол жұмыстарын ұйымдастыру мынадай түрде жүзеге асырылады: Басқарма (немесе Атырау облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы атынан мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы) мемлекеттік сатып алу порталы арқылы әлеуетті өнім берушілер арасында жөндеу жұмыстарын орындауға конкурсты және олардың орындалуына техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін жеке лотты одан әрі өткізу туралы хабарландыруды орналастырады. Жұмыстың толық көлемі аяқталғаннан кейін нысанды пайдалануға қабылдау актісі жасалады, оған мердігер, тапсырыс беруші және техникалық қадағалауды жүзеге асырған ұйым қол қояды.
Бұл ретте, № 245 Заңына сәйкес, автомобиль жолдарын ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарын қоспағанда, аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүзеге асыруға тиіс.
Заңның жоғарыда аталған бабына сәйкес күрделі жөндеу және қайта құру жұмыстарын қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асыруы тиіс.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Алайда, 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қабылдау комиссияларының қызметін реттейтін № 242 Заңының 76-78 баптары алынып тасталғандықтан, бұл норма іс жүзінде жүзеге асырылмайды.
Бұл ретте, техникалық қадағалау жөніндегі жұмыстарды орындауды алып тастайтын тізбеге қатысты №245 Заңның 15-бабының 2-тармағы мен №242 Заңының 34-1-бабының 1-тармағының арасында қайшылық бар.
баптың 1-тармағына сәйкес. №242 Заңының 34-1 бабына сәйкес, учаскелердің белгілі бір тізімін қоспағанда, барлық құрылыс нысандарында техникалық қадағалау міндетті болып табылады. Бұл нысандар тізімінде жолдар жоқ.
Ұсыныс:
- мемлекеттік қабылдау комиссиясының аяқталған жол жұмыстарын
пайдалануға қабылдау бөлігінде екі нормативтік құқықтық актіні: №245 Заңды және №242 Заңды сәйкес келтіру қажеттілігі туралы.
Автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Маратов
Жоспарлау және даму бөлімінің басшысы Ж.Наурызғалиев
Жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Н.Жампейсов
Жоспарлау және даму бөлімінің бас маманы Ж.Шаяхмет
Бас маман-заңгер А.Абилова