Облыстық маңызы бар Атырау қаласына кірме жолды (616-621 шақырым аралығы) «Атырау-Астрахань бағыты» қайта жаңғыртуға жобалау сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптаманың оң қортындысы алынды. Мемлекеттік сатып алу электронды конкурсы нәтижесінде Қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге «Қазахдорстрой» ЖШС-і мердігер мекеме болып анықталды. Қазіргі таңда мердігермен келісім шартқа қол қойылып, жұмыстар басталды.