Хабарландыру Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршрутына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы

Хабарландыру

 

Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты
      тасымалдау маршрутына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы

 

1.«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-сі  2025 жылы мамыр айының «13» сағат 11:00-де       Атырау қаласы Әйтеке би, 77 мекен-жайы бойынша, Атырау облысы әкімдігінің 5 қабаты, 504 бөлмесінде жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.

2.Конкурсқа мынадай маршруттың пакетi (маршрут)
шығарылады:

 

          № 1 лот облысішілік «№109 Атырау-Ақтоғай-Атырау» маршруты

 

        3.Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында
немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысуға құқылы.

  1. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 77, 5 қабаты, 504 бөлмесі мекен-жайы бойынша немесе b.kumargali@atyraugov.kz, s.khalidollaeva@atyraugov.kz және 091eea@mail.ru электрондық пошта бойынша ұсынылуы тиіс.

5.Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2025 жылғы      «24» сәуір, сағат 18:30-ға дейін.

6.Анықтама алу үшiн телефондар:8(7122)32-03-60, 87784370780, 87017915598.

 

 

 

 

Дата публикации
14 апреля 2025