Хабарландыру
Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты
тасымалдау маршрутына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы
- «Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-сі 2025 жылы ақпан айының «18» сағат 11:00-де Атырау қаласы Атырау облысы әкімдігі Әйтеке би, 77, 5 қабаты, 504 бөлмесі мекен-жайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай маршруттың пакетi (маршрут)
шығарылады:
№ 1 лот облысішілік «№108 Атырау-Таңдай-Атырау» маршруты
№ 2 лот облысішілік «№109 Атырау-Ақтоғай-Атырау» маршруты
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында
немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысуға құқылы.
- Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 77, 5 қабаты, 504 бөлмесі мекен-жайы бойынша немесе b.kumargali@atyraugov.kz, s.khalidollaeva@atyraugov.kz және 091eea@mail.ru электрондық пошта бойынша ұсынылуы тиіс.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2025 жылғы «4» ақпан, сағат 18:30-ға дейін.
- 2025 жылғы 17 қаңтарда сағат 11:00-де Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 77, 5 қабаты, 504 мекен-жайы бойынша конкурстық комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
- Анықтама алу үшiн телефондар:8(7122)32-03-60, 87784370780, 87017915598.