Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша 2024 жылдың қаңтар-сәуір аралығындағы жай-күйі туралы талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Атырау облысы әкімінің 2021 жылғы 9 наурыздағы №76-ө «Атырау облысының мемлекеттік органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобын құру туралы» және 2021 жылғы  2 сәуірдегі №121-ө «Атырау облысының мемлекеттік органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімдеріне сәйкес, Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қызметтеріне 2024 жылдың  қаңтар мен сәуір  аралығындағы жұмыс кезеңіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама төмендегі жұмыс тобымен жасақталды:

 

Хайноллаев Ержан Нугманович

Маратов Нұржау Мұхтарұлы

Наурызғалиев Жандос    Жанболатұлы

Акинов Жанболат                        Жантемірұлы

-

 

-

 

 

-

 

-

Басқарма басшысының орынбасары

 

Автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

 

Жоспарлау және даму бөлімінің басшысы

 

Жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы

Абилова Айдана Маратқызы

-

Бас маман-заңгер

 

Автомобиль жолдары, Жолаушылар көлігі және Жоспарлау және даму бөлімі, Бас  есепші бас маман және бас маман-заңгер қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;

-2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы;

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі                     2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Кодексі;

- «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының   2001 жылғы             17 шілде №245 Заңы;

- «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы                      4 шілдедегі №436 Заңы

-  Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 маусымдағы №137 қаулысымен бекітілген «Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы туралы ереже»;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасының №434-V Заңы;

- «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Кодексі;

- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы  31 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1193 қаулысы;

- «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы;

- «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы;

- «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2017 жылғы 29 желтоқсандағы №939 қаулысы.

- 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының №414-V «Еңбек Кодексі»;

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік-құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.

Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

  • персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы- басқарманың

жалпы штат саны 15 бірлікті құрайды, қазіргі таңда  1 (1) бірлік (тұрақты бос);

Басқарма  басшысы  2023 жылдың  26  қыркүйектен   бастап тұрақты

қызмет атқаруда.

Басшының орынбасары  2024 жылдың 27 наурызынан бастап қызмет

атқаруда.

Автомобиль жолдары бөлімінде жалпы 5 (бес) бірлік,  2024 жылдың

1 наурызынан бастап осы бөлімнің бас маманы бөлім басшы лауазымына ауысу тәртібі  негізінде басқарма басшысының 2024 жылғы  1 наурыздағы  №25 бұйрығымен ауысты,  (1) бірлік 2024 жылдың 4 қаңтарынан бастап жұмысқа қабылданды, (1) бірлік 2024 жылдың 1 сәуірен бастап басқарманың жоспарлау және даму бөлімінен ауысу тәртібімен ауысқан болатын және                    2 (2 екі) бірлік тұрақты қызмет жасауда.

Жолаушылар көлігі бөлімінде жалпы 3 (үш )бірлік, бөлім басшысы

өз еркімен жұмыстан босатылып осы бөлімнің бас маманы бөлім басшы лауазымына ауысу тәртібімен негізінде басқарма басшысының 2023 жылғы                         1 наурыздағы  №17 бұйрығымен ауысты.  1 (бір) бірлік тұрақты қызмет атқарса, 1 (бір) бірлік 2023 жылдың 14 сәуірі №30 бұйрықпен жұмысқа қабылданды.

Жоспарлау және даму бөлімінде жалпы 3 (үш) бірлік. Бөлім басшысы

2019 жылдың 17 мамырдағы №37  бұйрығы негізінде бас маман лауазымынан бөлім басшысы лауазымына тағайындалды және  1 (бір) бірлік 2022 жылдың  25 қаңтардағы №5 бұйрығы негізінде жұмысқа қабылданды және 1 (бір) бірлік тұрақты бос орын.

Басқарманың бас маман-бас есепшісі 1 (бір) бірлік 2006 жылдан бері

тұрақты қызмет атқаруда.

Басқарманың  бас   маман-заңгері   1(бір)  бірлік  2018  жылдан  бері

тұрақты қызмет атқаруда.

2) мүдделер қақтығысын реттеу – 2024 жылдың 2 мамыр  жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) мемлекеттік қызмет көрсету- басқармада ағымдағы жылы 2024 жылдың 4 айына  116 бөлімдер бойынша  мемлекеттік қызмет көрсетілді:

  1. «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру» - 0;
  2. «Өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» -84;

3.Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген  белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу –0;

  1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту - 0;
  2. Қызмет өңірі шегінде механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кестесін келісу – 0;

6.Тұрақты республикаішілік – автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына куәлік беру – 0;

  1. Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау – 32;

4)рұқсат беру функциялары іске асыру- басқармада рұхсат беру функциясы іске асырылмайды;

5)бақылау  функциялары іске асыру- басқармада 2023 жылы бақылау функциясы іске асырылмайды;

Талдау нәтижесі бойынша құқықбұзушылықтар анықталған жоқ;

6) басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер - жоқ;

7) басқармаға қатысты  мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері – басқармаға қатысты тексерістер жүргізілген жоқ.

8) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияанымдар -қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

9) басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері-басқарма  қызметкеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;

10) прокурорлық кадағалау актілері бойынша жоқ.

11)  сот актілері - басқарма  бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

 

  1. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:  

         Басқарма Ұлттық жол активтері сапасы орталығының жергілікті филиалымен шарт жасасты, алайда іс жүзінде жолдарды пайдалануға қабылдау олардың қатысуынсыз жүзеге асырылады.  

         Басқарманың бас маманы (тапсырыс берушінің өкілі) және техникалық қадағалау сарапшысы (ол болған кезде) орындалған жұмыстың аралық актілеріне қол қоюды жүзеге асырады, кейіннен орындалған жұмыс көлемі үшін қаржы қаражаты аударылады. Бұл тетік орындалған жұмыстар актісіне жалған қол қою нысанында сыбайлас жемқорлық көріністерінің мүмкіндігін жоққа шығармайды.

         Техникалық қадағалау мамандарын тарту тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы уағдаластық мүмкіндігін жоққа шығаратынын, жұмыстардың сапалы орындалуына ықпал ететінін атап өткен жөн. Өз кезегінде Заңның 15-бабында жүргізілген жұмыстардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын және белгіленген техникалық нормалар сақталмаған кезде жауапкершіліктің барлық түрлерін жүзеге асыратын сараптамалық ұйымды тартпай, жол жұмыстарының барлық түрлерін (құрылыс, реконструкция, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу) қабылдау рәсімін жүргізу кезінде жасырын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қамтитын норма орын алады деп санаймыз.

Ұсыныс:

         Атырау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Көлік министрлігіне ұсыныс енгізсін:

1) – техникалық қадағалау сарапшыларының қатысуымен жол жұмыстарының барлық түрлерін міндетті қабылдауға және пайдалануға қабылдау тетігін әзірлеуге қатысты «Автомобиль жолдары туралы» Заңның 15-бабының 2-тармағына өзгеріс енгізу.

2.Маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурстарды ұйымдастыру және өткізу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

Конкурс алдындағы комиссияның қызметіне қатысты, оның мүшелері Қағидалардың 174-тармағы негізінде конкурстық құжаттамаға қоса берілетін құжаттар көшірмелерінің дұрыстығын, конкурстық ұсыныста көрсетілген автокөлік құралдары класстарының, моделінің және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің сәйкестігін (сәйкессіздігін), сондай-ақ конкурстық ұсыныста көрсетілген жылжымалы құрамды сақтау, өндірістік-техникалық базада техникалық қызмет көрсетуі және жөндеу мүмкіндігін тексереді.

Тексеру кестесіне сәйкес, белгіленген күні конкурс алдындағы комиссия мүшелері конкурсқа қатысушылар ұсынған мәліметтердің дұрыстығын тексереді. Тексеру қорытындысы бойынша конкурс алдындағы комиссия қатысушы туралы ақпараттың толтырылған бланкісіне мәліметтердің дұрыстығы туралы белгі қояды және қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетілген автокөлік құралдарының Қағидалардың                     13-тарауында көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы анықтаманы қоса береді.

Яғни, конкурс алдындағы комиссия мүшесінің берілген қарау алаңында конкурсқа қатысушымен тікелей байланысына жол беріледі, бұл ашық сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.

Сондай-ақ, Қағидалардың 170-тармағына сәйкес конкурстық рәсімдер өтінімдерді қағаз түрінде оралған конвертте беру жолымен өткізіледі.

Осыған байланысты, конкурсқа қатысушылардың біріне жәрдемдесу және артықшылық беру түрінде ашық сыбайлас жемқорлық тәуекелі пайда болады.

Ұсыныс: Әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында толықтай электронды форматқа көшіру;

Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ұсыныстарды Көлік  министрлігіне жолдасын:

«Мемлекеттік сатып алу» сайтына ұқсас ҚР бойынша маршруттарға қызмет көрсету құқығына арналған конкурстардың бірыңғай порталын құра отырып, конкурстарды электрондық форматқа өткізу рәсімін ауыстыру мәселесіне бастамашылық жасау туралы.  

 

Басқарма басшысының орынбасары                                  Е.Хайноллаев                                                      Жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы                            Ж.Акинов

Жоспарлау және даму бөлімінің басшысы                       Ж.Наурызғалиев

Автомобиль жолдары бөлімінің басшысы                         Н.Маратов                                                            Бас мама-заңгер                                                                       А.Абилова

 

Дата публикации
28 мая 2024