Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі күнге дейін жойылмай отырғана кеселдердің бірі. Бұл кесел мемлекетімізге орасан зор нұқсан келтіріп отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы» заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет ететін лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу қажет.