Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан көрсетілетін
Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді
алушыларға түсіндірме
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а 2015 жылғы 17 сәуірдегі №457 бұйрығымен бекітілген «Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына атттестаттау қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі-Қағида) қағидасына орай, мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші жергілікті атқарушы органға Мемлекеттік корпорация немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы "Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемені жүргізу құқығына куәлiкті беру" мемлекеттік қызметі стандартының (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет стандарты) осы Қағидалардың 1-қосымша нысанына (бұдан әрі - 1-өтініш) және осы Қағидалардың 8-тармағындағы 1-1-қосымшасында қарастырылған құжаттарға сәйкес өтініш жібереді.
Құжаттар портал арқылы жіберілген жағдайда, олар көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырады.
Ескерту: Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемені жүргізу құқығына куәлiк алу үшін кеме жүргізуші курстары аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде немесе он екі ай ішінде үш реттен аса емтихан тапсырмаған адамдар оқу курсын жалпы негіздерде қайта өтеді.
Емтиханды жақсы тапсырған кезде («Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ы Атырау облысы бойынша№1 бөлімінде тапсырады) емтихан нәтижесі мен осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар бір жұмыс күні ішінде шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті ресімдеу үшін жергілікті атқарушы органға, яғни Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жіберіледі.
Емтиханды сәтті тапсырған өтініш берушілерге жергілікті атқарушы органдармен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша он жыл мерзімге шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер береді.
Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"
2) www.egov.kz "электрондық үкіметі" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
1.) Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру - емтиханды сәтті тапсырған кезден бастап - 3 (үш) жұмыс күні;
2) Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - 2 (екі) жұмыск үні;
3) Бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - 3 (үш) жұмыс күні;
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Ескертпе: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз түрінде беру «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ы Атырау облысы бойынша филиалы №1 бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда, дәлелді жауап түріндегі мемлекеттік қызметтің нәтижесі өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ы Атырау облысы бойынша филиалына:
1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:
- 1-өтінішке сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
- кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы диплом не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлік
- ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а 2020 жылғы 30 қазандағы №175/20 бекітілген №073/е нысанды бойынша медициналық анықтама ;
- 2,5х3,5 сантиметр мөлшерiндегi екi фотосурет;
жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа адамды сәйкестендіру үшін ұсынылады).
Ескертпе: 073/е медициналық форманы толтырыру барысында ережеге сәйкес дұрыс толтырылуына мән берілсе.
2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:
- осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
- 2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосурет;
- жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті алу үшін:
- 1-өтінішке сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
- бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік;
- № 073/е бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;
- 2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;
- жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);