Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия алушыларға түсіндірме

Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия   алушыларға түсіндірме

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 318 бұйрығымен бекітілген «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы»   қағидасына орай, мемлекеттік көрсетілетін қызметті  жергілікті атқарушы органдары жеке немесе заңды тұлғаларға  www.egov.kz, www.elіcense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы көрсетеді.

 Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта жазылған.

Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге, осы Қағидалардың талаптарына және Біліктілік талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасын сәйкес келтірген кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны ресімдейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру:

 

 

"Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Көрсетілетін қызметті беруші - Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арнасы)- Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elіcense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі-

1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жіберу кезінде - 5 (бес) жұмыс күні;

2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;

3) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаны телнұсқасын жіберу кезінде - 2 (екі) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны- Электрондық (ішінара автоматтандырылған),

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі- Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға:

 Лицензиялық алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алымдар мөлшерлемесі бойынша жергілікті бюджетке төленеді және мыналарды құрайды:

1) лицензияны беруге - алымды төлеу күні қолданылатын үш еселенген айлық есептік көрсеткіш;

 2) лицензияны қайта ресімдеуге - лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден 10%;

3) лицензияның телнұсқасын беруге - лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден 100%. Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда немесе ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі- Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда, өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

лицензияны қайта және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.

 

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздері-

1) лицензиялық алым енгізілмеген;

2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

3) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;

4) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге уақытша тыйым салған;

5) өтініш беруші лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады

 

 

 

 

 

 

 

Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

 

 

р/с №

Біліктілік талаптары

мыналарды қамтиды:

Құжаттар

1.

Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті мен "Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы техникалық шарттар" 1040-2001 ҚР СТ талаптарына сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғаларға жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі автобустар мен (немесе) шағын автобустар

жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздерде иелігіндегі автобустар мен шағын автобустардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері

2.

Жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасы не ұйыммен(дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарт

жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының болуын растайтын құжаттардың не ұйыммен(дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмелері

3.

Автобустар мен шағын автобустарды рейс алдында техникалық тексеруді және жүргізушілерді рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеруді жүргізу үшін білікті мамандар не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттар

автобустар мен шағын автобустарды рейс алдында техникалық тексеруді (автомобиль көлігі саласында арнайы жоғары немесе орта білімі туралы) және жүргізушілерді рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеруді жүргізу үшін қызметтің және білікті мамандардың болуын растайтын құжаттардың не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың көшірмелері

4.

Автобустар мен шағын автобустардағы тахографтарды тексеру туралы сертификат

автобустар мен шағын автобустардағы тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері

5.

Автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары

автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының көшірмелері

6.

Автобустар мен шағын автобустардың жүргізушілерінде тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі ретіндегі жұмыс өтілін растайтын құжат

жеке тұлға үшін тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің не заңды тұлға үшін – жүргізушілер құрамының тиісті санаттағы жүргізуші куәліктерінің, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі ретіндегі жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмелері

7.

Тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны айқындау туралы бұйрық

тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны айқындау туралы бұйрықтың көшірмелері

 

 

Ескерту: Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері өтінішті толтыру кезінде  www.egov.kz, www.elіcense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы тапсырған кезде  Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарының толықтай көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттарын салуын ескерілсе.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 апреля 2023