Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты
тасымалдау маршрутына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы
Хабарландыру
- «Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-сі 2022 жылы қазан айының «11» жұлдызы сағат 11:00-де Атырау қаласы Молдағалиев көшесі Атырау-Ақпарат ғимаратының 3 қабаты, 305 бөлмесі мекен-жайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай маршруттың пакетi (маршрут)
шығарылады:
- № 1 лот «Атырау – Ақжайық-Атырау»
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында
немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдарын иеленушi кез келген тұлғалар қатысуға құқылы.
- Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Атырау қаласы, Молдағалиев көшесі Атырау-Ақпарат ғимаратының 3 қабаты, 305 бөлме мекен-жайы бойынша немесе 091ееа@mail.ru электрондық пошта бойынша ұсынуы тиіс.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2022 жылғы «28» қыркүйек сағат 18:30-ға дейін.
- 2022 жылғы 14 қыркүйек сағат 11:00-де Атырау қаласы Молдағалиев көшесі Атырау-Ақпарат ғимаратының 3 қабаты, 305 бөлмесі мекен-жайы бойынша конкурстық комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
- Анықтама алу үшiн телефондар: 45-83-25, 8775 679 68 39