Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша 2022 жылдың 30 мамырдағы жай-күйі туралы талдамалық анықтама

Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша 2022 жылдың 30 мамырдағы жай-күйі туралы талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Атырау облысы әкімінің 2021 жылғы 9 наурыздағы №76-ө «Атырау облысының мемлекеттік органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобын құру туралы» және 2021 жылғы 2 сәуірдегі №121-ө «Атырау облысының мемлекеттік органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімдеріне сәйкес, Атырау облысының мемлекеттік органдарының және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне 2022 жылдың 1 қаңтары мен 2022 жылдың 25 мамыр аралығындағы жұмыс кезеңіне ағымдағы жылдың 25 мамыр күні сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама төмендегі жұмыс тобымен жасақталды:

 

Автомобиль жолдары, Жолаушылар көлігі және Жоспарлау және даму бөлімі, Бас  есепші бас маман және Персоналды басқару жөніндегі бас маман-заңгер қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;

- 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы;

- «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының   2001 жылғы             17 шілде №245 Заңы;

- «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы                      4 шілдедегі №436 Заңы

-  Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 мамырдағы №96 қаулысымен бекітілген «Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы туралы ереже»;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасының №434-V Заңы;

- «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Кодексі;

- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы                              31 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1193 қаулысы;

- «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы;

- «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы;

- «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2017 жылғы 29 желтоқсандағы №939 қаулысы.

- 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының №414-V «Еңбек Кодексі»;

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік-құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.

Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

  • персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы- басқарманың жалпы штат саны 13 бірлікті құрайды, қазіргі таңда бір (2) бірлік (бала күтімі демалысында);

Басқарма  басшысы 2021 жылдың 1 тамызынан бастап тұрақты қызмет атқаруда.

Автомобиль жолдары бөлімінде жалпы 4 (төрт) бірлік, бөлім басшысы 2020 жылдың 3 ақпандағы №11 бұйрығы негізінде  қызметке қабылданды, ал 2 (екі) бірлік тұрақты қызмет жасауда, 1 бірлік 2019 жылдың 11 маусымдағы №45 бұйрығы негізінде бала күтімі демалысында, ал бала күтіміне байланысты әлеуметтік демалыстағы мемлекеттік қызметкердің орнына басқарма басшысының 2020 жылғы 20 қазандағы №78 бұйрығымен жаңа маман жұмысқа қабылданды.

Жолаушылар көлігі бөлімінде жалпы 3 (үш)бірлік, бөлім басшысы 2022 жылдың 7 ақпандағы №10 бұйрығы негізінде  мемлекеттік органдардың  мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс нәтижесінде тағайындалды  және  2 (екі) бірлік тұрақты қызмет жасауда.

Жоспарлау және даму бөлімінде жалпы 3 (үш) бірлік,  Бөлім басшысы 2019 жылдың 17 мамырдағы №37  бұйрығы негізінде бас маман лауазымынан бөлім басшысы лауазымына тағайындалды және  1 (бір) бірлік (қазіргі уақытта бала күтімі демалысында 2021 жылдың 28 қаңтардағы №7 бұйрығы негізінде) және 1 (бір) бірлік тұрақты бос бірлік.

Басқарманың бас маман-бас есепшісі 1 (бір) бірлік 2006 жылдан бері тұрақты қызмет атқаруда.

Басқарманың персоналды басқару жөніндегі бас маман-заңгері 1(бір) бірлік 2018 жылдан бері тұрақты қызмет атқаруда.

2) мүдделер қақтығысын реттеу – ағымдағы жылдың 30 мамыр жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) мемлекеттік қызмет көрсету- басқармада  бөлімдер бойынша 298 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

  1. «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру» - 2;
  2. «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» -271;

3.Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген  белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу – 0;

  1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту - 0;
  2. Қызмет өңірі шегінде механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кестесін келісу – 0;
  3. Тұрақты республикаішілік – автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына куәлік беру – 0;
  4. Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау – 25;

4)  рұқсат беру функциялары іске асыру- басқармада рұхсат беру функциясы іске асырылмайды;

5)  бақылау  функциялары іске асыру- басқармада 2020 және 2021 жылдың І тоқсанында бақылау функциясы іске асырылмаған;

Талдау нәтижесі бойынша құқықбұзушылықтар анықталған жоқ;

6) басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер - жоқ;

7) басқармаға қатысты  мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері – басқармаға қатысты тексерістер жүргізілген жоқ.

8) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияанымдар -қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

9) басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері-басқарма  қызметкеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;

10) прокурорлық кадағалау актілері бойынша

         Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы  басшысының 2022 жылғы 29 наурыздағы №18-нқ бұйрығы негізінде және Атырау көлік прокуратурасының 2021 жылғы  22 желтоқсандағы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 №2-1906-21-02028 заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну бойынша тұрақты және тұрақты емес жолаушылар тасымалы бойынша автомобиль қызметтері саласындағы заңнаманың сақталуы, сондай-ақ қадағалау өңіріндегі тұрақты маршруттарды субсидиялауға қатысты талдау жүргізіп, нәтижесімен заң бұзушылықтар анықталып ішкі талдау жүргізілді.

           Талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

          Маршруттарға қызметке көрсету құқығына куәліктің болмауы.

           Облыс аумағындағы тұрақтыжолаушылар тасымалы «ЛаВаТранс» ЖШС («Атырау-Орал, «Атырау-Шымкент», «Атырау-Құлсары», «Атырау-Индер» маршруттарында) «ILN WEST SERVICE» ЖШС (облысішілік: «Атырау-Мақат»), ЖК «Косубаева» (облысішілік:«Атырау-Махамбет маршруттарында») жүзеге асырылады.

         Заңның 21-бабына сәйкес жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауларды көрсетілген жолаушылар мен багажды тасымалдаулар маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурста жеңіп алған және тасымалдаушылар мен тиісті жергілікті атқарушы органдар не уәкілетті ұйымдар арасында жасалатын шарттар негізінде оларға қызмет көрсету құқығына куәлік алған тасымалдаушылар жүзеге асырады.

         Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының 185-тармағына сай шарт жасасқан Конкурс жеңімпазына маршрутта жұмыс істеу құқығын растайтын Куәлік беріледі. Көрсетілген тасымалдауды Куәліксіз жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.

         Талдау барысында Атырау автостанциясындағы жолаушылар тасымалы бойынша диспетчерлік қызмет ұсынған зерделеумен 9 автомкөлік құралдарының  жоғарыда көрсетілген Куәліксіз тұрақты маршруттарға қызмет көрсету фактілері анықталды.

         Мәселен, «Лаватранс» ЖШС-мен №129 «Атырау-Құлсары» маршрутында қызмет көрсету үшін мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгісі 658АХ06, 894AL06, 571АК06 автокөлік құралдары жіберілген.

Өз кезегінде, автокөлік құралдарында «Атырау-Құлсары» маршруттарында қызмет көрсету құқығында куәлігі жоқ.

Атырау автостанциясындағы жолаушылар тасымалы бойынша диспетчерлік қызмет мәліметі бойынша тек 1 ай ішінде (а.ж. 1-31қазан аралығында) мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгісі 658АХ06, 894AL06, 571АК06 автокөлік құралдарымен «Атырау-Құлсары» маршруттарында барлығы 18 рейс орындалып, 854 жолаушы тасымалданған. Қағиданаың 348- тармағына сәйкес орындалған рейстер бойынша мәлімет есеп Басқармаға ай сайын ұсынылады.

Осы тектес «ЛаВаТранс» ЖШС-мен №110 «Атырау-Индер» маршрутында қызмет көрсету құқығына куәлік жоқ, мемлекеттік нөрмірлік тіркеу белгісі 658АХ06, 894AL06, 368 AL06 а.ж. 1-31 қазан аралығында 23 рейс орындалып, 965 жолаушы тасымалданған.

Осыған ұқсас заң бұзушылықтар тасымалдаушылар ЖК «Косубаева» («Атырау-Махамбет» маршрутында 2 автокөлік – 321ААG06,694AAG06) және

 «ILN WEST SERVICE» ЖШС (облысішілік: «Атырау-Мақат» маршрутында            1 автокөлік – 681BDW05) тасымалдау барысында орын алған.

Қағиданың 196-тармағына сәйкес автомобиль көлігі саласында уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар берген Куәліктердің  қолданысын осы орган маршрутта автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар берген куәліктерде көзделген автобустарды, шағын автобустарды пайдалану жағдайында тоқтатады.

Сонымен қатар Басқарма ұсынған тасымалдаушы мекемелер жүргізушілеріне қатысты мәліметтерді құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінде зерделеу барысында «ЛаВаТранс» ЖШС жүргізушілері Д.Хамзин (2005-2015 ж ж. аралығында) және Н.Шатилов (2008-2019 жж. аралығында) «Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением алкоголя, синдром зависимости» диагнозымен наркологиялық диспансерлік еепте 10 жылдан астам тұрғаны белгілі болды.

Осылайша, іс жүзінде жолаушылардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру тәуекелдерімен заңсыз тасымалдар жүргізілген.

          

           Қазақстан Республикасы «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы»  қағидаларының талаптарын сақтамағаны үшін Жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманы Ж.Акиновтен түсініктеме алынып 2021 жылдың 30 желтоқсанында №99 бұйрығына сәйкес  «ескерту» түрінде тәртіптік жаза және Жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Е.Сәрсенғалиевтен түсініктеме алынып 2021 жылдың                  30 желтоқсанында №100 бұйрығына сәйкес  «сөгіс» түрінде тәртіптік жаза берілді.

          Көрсетілген заң бұзушылықтарды жою, алдағы уақытта болдырмау бағытында ұйымдастырушылық шаралар жүргізілді.

11)  сот актілері - басқарма  бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

Қорытынды және ұсыныстар:

 

  1. «Атырау облысының 2021-2025 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасын» жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету.
  2. Автобустық тасымалдауды дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған кешенді бағдарламасының орындалуын қадағалау.
  3. Басқармаға  келген заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы жауап беру;
  4. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі саласына қатысты құқықтық ағарту, түсіндіру жұмыстарын халық арасында БАҚ арқылы жандандыру.
  5. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бойынша шараларды ұйымдастыру, түсіндіру жұмыстарын жандандыру, орындалуын қамтамасыз ету.
  6. Бюджеттен бөлінген қаражатты қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жоспарлау, тиімді және толық игеру, мемлекеттік сатып алуды жүргізуде заң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету.
  7. «Е-қызмет» ықпалдастырылған АЖ тұрақты жұмыс жасау.
  8. Құжаттарды, актілерді, келісім-шарттарды жасау кезінде қолданыстағы заңнамаларды басшылыққа алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 июля 2022