Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабы 1 тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12353 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, VII шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті IX сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Атырау облысы бойынша ауданаралық (қалааралық облысішілік) автомобиль қатынастардың тізбесі 1 қосымшаға сәйкес;
2) Атырау облысы бойынша ауданішілік автомобиль қатынастардың тізбесі 2 қосымшаға сәйкес;
3) Атырау қаласы бойынша қалалық (ауылдық) және қала маңы автомобиль қатынастардың тізбесі 3 қосымшаға сәйкес
Мәслихат хатшысы Ә.Нәутиев