«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 мамырдағы №96 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 мамырдағы №96 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

 

 

Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  «Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 мамырдағы №96 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

14-тармақ келесі мазмұндағы 10-6), 10-7), 10-8) 10-9) және 10-10) тармақшаларымен толықтырылсын:

«10-6) жол органымен келісу бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату

10-7) автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында айқындалған тәртіппен жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

10-8) жол активтерінің цифрлық платформасының жұмыс істеуі, оны толықтыру және пайдалану қағидаларына сәйкес жол активтерінің цифрлық платформасын толықтыруды қамтамасыз ету;

10-9) автомобиль жолдарын диагностикалау және паспорттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

10-10) орташа жөндеу жүргізудің цифрлық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес орташа жөндеу жүргізудің цифрлық жүйесін толықтыруды қамтамасыз ету

2. «Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

           Облыс әкімі                                                                            Б. Ақшолақов

 

Дата публикации
16 октября 2026