Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша 2025 жылдың талдамалық анықтама

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің

сапасын ішкі бақылау

нәтижелері бойынша  2025 жылдың  

талдамалық анықтама

 

Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан бүгінгі күнге 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.  «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік коррпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен (www.e.gov.kz) - 1 және«Е-лицензиялау»  арқылы-3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Сонымен қатар, Басқарма тарапынан көрсетілетін «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызметі бойынша –  2025 жылға  – 97 (қаңтар- 10, ақпан-15, наурыз-6, сәуір -11, мамыр-2, маусым-11, шілде-12, тамыз-8, қыркүйек-6, қазан-8, қараша-2, желтоқсан-6)  мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2025 жылға  - 6  (қаңтар-0, ақпан-2, наурыз-1, сәуір-0, мамыр-1, маусым-0, шілде -0, тамыз-0, қыркүйек-0, қазан-2, қараша-0,желтоқсан-0) қызмет көрсетілді.

«Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік қызметі бойынша 2025 жылға  – 124 (қаңтар-9, ақпан-9, наурыз-9, сәуір-9, мамыр-9, маусым-13, шілде-9,тамыз-13, қыркүйек-11, қазан-11, қараша-8, желтоқсан-14)  мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» мемлекеттік қызметі бойынша 2025 жылға  - өтініш түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мақсатында жоспарлы 1 адам оқу семинарынан біліктілігін арттырды.

Сонымен қатар, Басқарма тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушыларды ақпараттандыру мақсатында  «Атырау» , Прикаспийский газеттерінде мақалалар және инстаграмм, фейсбук әлеуметтік желілерде  жарияланады.

 

Дата публикации
29 апреля 2026