Мемлекеттік мүлік тізілімінің e-qazyna.kz активтерді басқарудың цифрлық платформасында 2026 жылғы 3 қарашада облыстық коммуналдық меншіктегі тозығы жеткен 96 (тоқсан алты) бірлік автокөлік құралын жекешелендіру бойынша электрондық аукцион өткізілетінін хабарлаймыз.
Аукцион бағаны көтеру әдісімен өткізіледі. Аукционға қатысуға ниет білдірген жеке тұлғалар электрондық платформада электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілті арқылы тіркеліп, белгіленген тәртіппен аукционға қатыса алады.
Аукционға шығарылатын автокөлік құралдары туралы толық ақпаратпен, олардың бастапқы бағасымен, техникалық жай-күйімен, аукционға қатысу шарттарымен және өзге де қажетті мәліметтермен e-qazyna.kz электрондық платформасында танысуға болады.
«Кітап оқитын мемлекеттік қызметші»республикалық кітап оқу марафонына қатысыңыз!
Елімізде кітап оқуды дәріптеуге бағытталған *«Кітап оқитын мемлекеттік қызметші»* республикалық кітап оқу марафоны басталды.
Марафонға қатысушылар *2026 жылғы қыркүйек – 2027 жылғы наурыз* аралығында *15 кітап оқып*, білімін арттыруға және кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға үлес қоса алады.
📌 Жоба аясында қатысушылар арасында *байқаулар, тесттер және викториналар* өткізіледі.
📖 Кітап оқыңыз, ой-өрісіңізді кеңейтіңіз, білімге ұмтылыңыз!
🔗 Марафонға қатысу үшін: (www.reading-nation.kz)(http://www.reading-nation.kz)
#КітапОқы #КітапОқитынМемлекеттікҚызметші КітапОқуМарафоны ReadingNation МемлекеттікҚызметші
📢 АУКЦИОНҒА НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншікті басқармасы антенналық-діңгекті құрылыстар салуға арналған 5 жобалық-сметалық құжаттаманы аукцион арқылы жекешелендіруге шығарады.
📅 Сауда-саттық күні:
2026 жылғы 24 қыркүйек
📍 Аукцион онлайн форматта Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы өткізіледі.
Аукционға шығарылатын нысандар:
1️⃣ Қызылқоға ауданы
«Атырау–Ақтөбе» автожолы бойында антенналық-діңгекті құрылыс салу жобасы
🔗 Аукционды көру
2️⃣ Жылыой ауданы
«Доссор–Құлсары» автожолы бойында антенналық-діңгекті құрылыс салу жобасы
🔗 Аукционды көру
3️⃣ Махамбет ауданы, Таңдай ауылы
Антенналық-діңгекті құрылыс салу жобасы
🔗 Аукционды көру
4️⃣ Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылы
Антенналық-діңгекті құрылыс салу жобасы
🔗 Аукционды көру
5️⃣ Жылыой ауданы
«Құлсары–Бейнеу» автожолы бойында антенналық-діңгекті құрылыс салу жобасы
🔗 Аукционды көру
💻 Қатысу және толық ақпарат алу үшін Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталындағы тиісті хабарландырумен танысу қажет.
📌 Аукционға қатысқыңыз келсе — хабарландырудағы талаптар мен құжаттарды алдын ала мұқият қарап шығыңыз.
Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы “Ашық бюджет” https://budget.egov.kz порталына жоспарлы кезең 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама паспорты жарияланды. Төмендегі сілтеме арқылы танысып, талқылауға мүмкіндіктеріңіз бар екендігін хабарлайды. 733001- «Жергілікті деңгейде мемлекеттік активтер мен сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер».
https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3567&budgetId=3906082
2026 жылғы 26 маусымда облыс аумағына тиесілі республикалық және облыстық маңызы бар автокөлік жолдарын мобильді кең жолақты интернетпен қамту мақсатында Махамбет, Жылыой, Қызылқоға аудандарында Антенна-діңгектік құрылысының құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін 5 жобалау-сметалық құжаттамаларын жекешелендіру мәселесі бойынша Атырау облыстық мәслихатының Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы кеңейтілген отырысы өтетінін хабарлаймыз.
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесіcыбайлас жемқорлықтәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау 2026 жылдың «8» шілде күні басталатындығын хабарлайды.
Ұсыныс-пікірлеріңіз болған жағдайда 8(7122)354561телефонына қоңырау шалуға немесеugzks@mail.kzэл.поштасына жолдауға болады.
Құрметті Мемлекеттік қызметшілер - әріптестер!
Шын жүректен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, кәсіби өсу, алға қойылған міндеттердегі тиімділік және еліміз бен халқымыздың игілігі үшін атқарып келе жатқан істеріңізге сәттілік тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы Демегенов Серик Жумажанович
Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы “Ашық бюджет” https://budget.egov.kz порталына жоспарлы кезең 2027-2029 жылдарға арналған лимит бюджеттік бағдарлама паспорты жарияланды. Төмендегі сілтеме арқылы танысып, талқылауға мүмкіндіктеріңіз бар екендігін хабарлайды. 733001- «Жергілікті деңгейде мемлекеттік активтер мен сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»
733004 – Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу
2026 жылдың 29 мамырында Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының ұйымдастыруымен Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының қатысуымен Атырау облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында бұзушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Таспырыс берушілер тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде жиі жіберетін бұзушылықтар талқыланды. Сондай ақ, Қазақстан Республикасы Білім министрінің 2025 жылғы 15 мамырдағы №112 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселелері айтылып өтті.