Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы басшысының
2025 жылғы«03» маусымдағы №28бұйрығына 1 қосымша
БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА
733- «Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және
коммуналдық меншік басқармасы»
(бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды және атауы)
2026-2028 жылдарға арналған
Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы:004–Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу;
Бюджеттік бағдарламаның басшысы: – Демегенов С.Ж. Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 2025 жылғы15 наурыздағы №74-бабына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі №185 «Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес
Бюджеттік бағдарламаның түрі:
мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты облыстық
мазмұнына байланысты Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге
асыру және олардан туындайтын мемлекеттік
қызметтерді көрсету
іске асыру түріне байланысты Жеке бюджеттік бағдарлама
ағымдағы/даму Ағымдағы бюджеттік бағдарлама
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік мүлікті есепке алу жүйесін жетілдіру, коммуналдық мүлікті тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардыңқаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру
Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:«Мүлікті басқару» бірыңғай бағдарламалық өнімін қолдану арқылы ақпараттық деректерді құруды қамтамасыз ету.Мемлекеттік ұйымдар теңгерімдеріндегі пайдалануға жарамсыз, тозған және мақсатты емес пайдаланып отырған мүлікті азайту. Коммуналдық мүлік объектілерін бәсекелестік ортаға беру бойынша жұмыстарды жүргізу. Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік қатысуы бар (АҚ) ұйымдарда корпоративтік басқарудың алдыңғы қатарлы қағидаттарын енгізу .Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік заңды тұлғалар жүйесін оңтайландыру
Бюджеттік бағдарламаның сипаты(негіздемесі): Облыстық коммуналдық меншік активтерін тиімді басқару. Мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік ұйымдардың және заңды тұлғалардың қызметінің айқындылығын арттыру . Мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік ұйымдардың және заңды тұлғалардың қызметін талдау. Мемлекеттік меншік жағдайы есебі жүйесін дамыту. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін талдау, облыстық қаржы басқармасына кәсіпорындардың және мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың қаржылық-шаруашылық қызметі есептілігін сапалы ұсыну, кәсіпорындардың және мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың жиынтық есептіліктерін жасақтау.
Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы
|
Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар |
өлшем бірлігі |
Есепті жыл |
Ағымдағы жыл жоспары |
Жоспарлы кезең |
||
|
2024жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
2028 жыл |
||
|
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен |
мыңтеңге |
508,0 |
9100,0 |
9100,0 |
9100,0 |
9100,0 |
|
Жалпы бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар |
мың теңге |
508,0 |
9100,0 |
9100,0 |
9100,0 |
9100,0 |
|
Тікелей нәтиже көрсеткіштері |
Өлшембірлігі |
Есептіжыл |
Ағымдағыжылжоспары |
Жоспарлыкезең |
||
|
2024жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
2028 жыл |
||
|
Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингі |
саны |
2 |
5 |
3 |
3 |
3 |