Атырау облысы Қаржы басқармасына 2020 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардан барлығы 113 өтініш келіп түсті.
Келіп түскен өтініштердің 107-і басқармамен қаралып, 51 өтінішке заңға сәйкес жауаптар берілді, 5-і кері қайтарылып, 1 өтініш құзырлы мемлекеттік органдардың қарауына жолданған, 50 өтініш бойынша заң шеңберінде түсініктер берілді.
Басшылықтың жеке қабылдауында азаматтар «Демеу» қоғамдық қорының төрағасы Р.А.Есенкулов пен бас маманы Б.Ондыбаев кеңсе ашуға бөлме және қайтарусыз несие мәселелері бойынша қабылданды, қабылдау барысында заңдылықтарға сәйкес түсініктер берілді.
Басқарма жоғарыда аталған жұмыстарды одан әрі жандандырады және ұдайы бақылауында ұстайды.