Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі №132 «Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
14-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«14. Функциялары:
1)облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту;
2)облыстық коммуналдық мүліктің пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;
3)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру жөніндегі қажетті шараларды жүзеге асыру;
4)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мүлікті коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екінші деңгейге беру бойынша қажетті шараларды жүзеге асыру;
5)облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру бойынша қажетті шараларды жүзеге асыру;
6)облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды жүзеге асыру және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау;
7)бақылауды жүзеге асыру үшін сатып алу-сату шартын орындауға байланысты, оның ішінде өз қолданысын тоқтатқан құжаттармен танысуға және сарапшыларды, бағалаушыларды, сондай-ақ консультациялық, аудиторлық және өзге де ұйымдарды жұмысқа тартуға құқылы;
8)жергілікті атқарушы орган атынан коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқығын жүзеге асыру;
9)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқықтарына ие болу және шарт жасасуды жүзеге асыру;
10)облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік (жалға алу) жалға, сенімгерлік басқаруға береді;
11)облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану, оның ішінде оны жалға беру, өтеусіз пайдалану және сенімгерлік басқару жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12)таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін қайта бөледі;
13)мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыстың белгіленген бөлігін бюджетке толық және уақытылы аударуын бақылауды жүзеге асырады;
14)облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқарушының міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады және сенімгерлік басқарушылардың есептерін тыңдайды;
15)сенімгерлікпен басқарушы шарт бойынша алған міндеттемелерін тиісінше орындамаған не сенімгерлікпен басқаруға алынған объектілер мен мүліктер бойынша дәйексіз ақпарат берген жағдайда, сенімгерлікпен басқару шартын біржақты тәртіппен бұзу туралы сотқа талап-арызбен жүгінеді;
16)облыс әкімдігі атынан акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға акционер (қатысушы) ретінде облыстың құқығын жүзеге асырады;
17) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін), облыс әкімдігінің уәкілеттігі бойынша оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
18)коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірісінің) мөлшерін, акциялардың мемлекеттік пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) белгілеуді ұйымдастырады;
19)өз құзыреті шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
20) мемлекет бақылайтын ақционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
21)облыстық коммуналдық мүлікті басқару тиімділігіне мониторингті жүзеге асырады;
22)қолданыстағы заңнамаға сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асырады;
23)Тапсырыс беруші Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасында белгіленген құжаттарды қамтитын өтінімдерді қарау;
24)Тапсырыс беруші ұсынған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын өтінім негізінде конкурстық (аукциондық) құжаттаманың жобасын әзірлеу және бекіту;
25)конкурстық (аукциондық) құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
26)конкурстық (аукциондық) комиссияның құрамын айқындау және бекіту;
27)әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптама қорытындысын дайындау үшін сараптама комиссиясын құру не сарапшыны айқындау;
28)Мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;
29)конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ережесіне түсінік беру;
30)конкурстық құжаттаманың біліктілік талаптары және конкурстық құжаттамаға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынымдарына өлшемшарттардың салыстырмалы мәндерін қолдану;
31)заңнамада көзделген жағдайларда тиісті бюджет кіріс есебіне жатқызу немесе әлеуетті өнім берушіге ол енгізген конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімін қайтару;
32)бірінші кезеңде техникалық ұсыныстар берген әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақырту жіберу;
33)жүргізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде, осы Қағидаларда көзделген мерзімдерде веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіге бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жіберу;
34)Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың және өзге де заңнамалық актілердің сақталуы, мемлекеттік сатып алу саласындағы есептік деректердің дұрыстығы, Мемлекеттік сатып алу саласындағы істердің жай-күйі туралы мәніне Мемлекеттік сатып алу процесі мәселелері бойынша тапсырыс берушілер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің талдауы мен мониторингін жүзеге асыру;
35)мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды бұзу, уәкілетті және бақылаушы органдардың әрекеттері мен актілеріне сот тәртібімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда шағым жасау туралы әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні (мердігерді) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;
36)коммуналдық мүлікті басқару және орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыру салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.».
18-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың жұмысына басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік органдар, сот пен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
3) өзінің орынбасарлары мен Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;
7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
8) Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды, облыс әкімінің және облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты;
9) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
10) Заңнамаға сәйкес Басқарма мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) келісім шарт жасақтайды;
12) сенімхат береді;
13) банк шоттарын ашады;
14) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелеу шараларын қабылдайды және оларға тәртіптік жаза қолданады.».
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі алынып тасталсын.
Облыс әкімі С. Шәпкенов