Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

р/с

№

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсынымдар

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын әзірлеуге қатысты ұсыныстар  енгізу.

хат жолдау

 

Б.Джаксыгалиев

желтоқсан

2

Қазақстан Республикасының  Цифрлық даму, инновациялар және  аэроғарыш  өнеркәсібі министрлігіне, Қазақстан  Республикасының Әділет министрлігіне, Қазақстан  Республикасының  Ұлттық экономика министрлігіне коммуналдық меншіктегі жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтарды тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер үшін нөлдік мөлшерлемені белгілеуге қатысты Қазақстан  Республикасы  Ақпарат және коммуникация  министрінің  2018 жылғы  27 қыркүйектегі  № 418 бұйрығымен бекітілген Жылжымайтын мүлікке құқықтарды  мемлекеттік  тіркеу  саласындағы  тауарлардың (жұмыстардың,  көрсетілетін  қызметтердің) бағаларының     15 тармағына толықтыру енгізуге қатысты  ұсыныстар енгізу

хат жолдау

 

Б.Джаксыгалиев

желтоқсан

3

Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын әзірлеу және мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдаланудың үлгілік шартын бекіту жөніндегі мүмкіндікті қарастыру туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының ҰЭМ-не жүгіну

хат жолдау

 

Б.Джаксыгалиев

желтоқсан

4

ҚР Қаржы министрлігіне «Мемлекеттік сатып     алуды жүзеге асыру қағидаларын      бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы   11 желтоқсандағы    №648  бұйрығының       530-тармағына өзгеріс енгізу жөніндегі ұсынысты келесі редакцияда жазу: «Жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемдері жиынтығында орындалатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер көлемінің үштен бірінен аспауға тиіс. Бұл ретте қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) өткізілетін мемлекеттік  сатып  алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруіне тыйым салынады».

 

хат жолдау

 

С.Тулепова

қазан

5

ҚР Қаржы министрлігіне «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге  асыру  қағидаларын  бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің  2015 жылғы    11 желтоқсандағы №648  бұйрығының     283-2-тармағына өзгеріс енгізу жөніндегі ұсынысты келесі редакцияда жазу: «Әлеуетті өнім берушінің ТЖҚ сатып алу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларында тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы түріндегі конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайларда қолданылады:

1)  құрылыс-монтаждау жұмыстары;

2) техникалық-экономикалық негіздемені,  жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы және қала құрылысы жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды;

3) объектілер құрылысының жобаларына   ведомстводан тыс кешенді сараптама жөніндегі жұмыстарды;

4)  техникалық  қадағалау  және             (немесе) жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік  көрсетілетін  қызметтер;

5) заңның 16 - бабының  7 тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін үлгілік конкурстық (аукциондық) құжаттамаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін ызметтерді сатып алу кезінде жүзеге асырылады».

 

хат жолдау

С.Тулепова

қазан

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Дата публикации
14 декабря 2023