«Атамекен-Атырау Бизнес қолдау» микроқаржы ұйымы» ЖШС қызметіне
жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау қорытындысы бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы, 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және «Атамекен-Атырау Бизнес қолдау» микроқаржы ұйымы» ЖШС директорының 2022 жылғы 5 шілдедегі №20 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама жауапты тұлға, комплаенс офицер Дюсенгалиева Динара Дауитовнамен жасақталды:
Нормативтік құқықтық актілері:
- «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі №220-І Заңы;
- 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының №414-V «Еңбек Кодексі»;
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №120-VI Кодексі;
- «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Кодексі;
- 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №434-V Заңы;
- «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңы;
- «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ;
- «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығы;
- МҚҰ 2023 жылдың 10 желтоқсандағы жарғысы.
Талдау анықтамасы бойынша нормативтік-құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.
Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:
1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы –жалпы штат саны 7 бірлікті құрайды, нақты штат саны – 6 бірлік
2) мүдделер қақтығысын реттеу – ағымдағы жылдың 1 шілде жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;
3) мемлекеттік қызмет көрсету - мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру –рұқсат беру функциясы іске асырылмайды;
5) бақылау функцияларын іске асыру –бақылау функциялары іске асырылмайды.
Талдау нәтижесі бойынша құқықбұзушылықтар анықталған жоқ;
6) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер – жоқ;
7) мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері –жүргізілген тексеру нәтижелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ;
8) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;
9) келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері – қызметкерлерге қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;
10) прокурорлық қадағалау актілері – прокурорлық кадағалау актілері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ;
11) сот актілері –сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.
Қорытынды және ұсыныстар: