Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары туралы ақпарат

Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары туралы ақпарат

            Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №68 «Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 11 ақпандағы №32 «Коммуналдық меншіктің кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысымен жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі 10 ұйымның сату кестесі бекітілді. Оның ішінде, облыстық коммуналдық меншіктегі ұйымдар:

           - «Микрофинансовая организация Атамекен-Атырау» ЖШС;

           - Атырау облысы Білім беру басқармасына қарасты «Қазақстан геологы» емдеу пансионаты» КМҚК;

          - «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Бокстан облыстық мамандандырылған спорттық клубы» КМҚК;

- Атырау облысы энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының «Атырау Су арнасы» КМК;

-   «Атырау-Жас отау» ЖШС;

- «Атырау облысы энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Атырау облысы Су арнасы» КМК;

-  «Хиуаз Доспанова атындағы «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ;

Қалалық және аудандық коммуналдық меншіктегі ұйымдар:

-  «Сарайшық Атырау»  ЖШС;

-   Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Индер Су» ШЖҚ КМК;

- «Жылыойсу» КМК.

 

Атырау қаласының коммуналдық меншігіндегі «Сарайшық Атырау» ЖШС-гі ағымдағы жылдың 6 сәуірінде екінші саттықта кейіннен сатып алу құқығымен 5 жыл мерзімге сенімгерлікпен басқаруға берілді.

 

              

 

 

Дата публикации
16 июня 2021