Атырау облысы Қаржы басқармасына 2021 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардан барлығы 55 өтініш келіп түсті.
Келіп түскен өтініштердің 52-і басқармамен қаралып, 18 өтінішке қанағаттанарлық жауап берілді, 33 өтінішке заң шеңберінде түсініктер берілсе, 1 өтініш кері қайтарылды, мерзімінен кешіктірілген өтініштер болған жоқ.
Басқарма жоғарыда аталған жұмыстарды одан әрі жандандырады және ұдайы бақылауда ұстайды.