Талдау, мониторинг және тауарларды сатып алу бөлімі туралы ереже

  1. Жалпы ережелер
  2. Талдау, мониторинг және тауарларды сатып алу бөлімі «Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
  3. Құрылымдық бөлiмше өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
  4. Талдау, мониторинг және тауарларды сатып алу бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Атырау облысы Қаржы басқармасының басшысы бекiтедi.

 

  1. Талдау, мониторинг және тауарларды сатып алу бөлімінің негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
  2. Мiндетi: мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №1127 «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды облыстық бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлар тізбесінен туындайтын барлық қажетті жұмыстарды жүзеге асырады;

2)тапсырыс берушімен әзірленген және бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының негізінде қолданыстағы заңнамада көзделген  тәсілдермен мемлекеттік сатып алуларды өткізеді;

3)тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзірлейді және бекітуге ұсынады;

4)мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастырады;

5)тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық өзіндік ерекшелігін алған, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жібереді;

6)қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

7)заңнамада көзделген жағдайларда конкурс немесе аукцион тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджеттің кірісіне енгізеді не әлеуетті өнім берушіге қайтарады;

8)конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындайды және бекітуге ұсынады;

9) бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жібереді;

10) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;

11) сотқа шағымдану-талап арыз жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

12) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылар тізіміне мердігерлерді уақытылы енгізу бағытындағы жұмыстарды уақытылы жүзеге асыру;

13) мемлекеттік сатып алу бойынша үнемделген қаржыға талдау жүргізіп, ұсыныстар беру;

14) мемлекеттік сатып алуларға талдау және мониторинг жүргізу;

15) басқарма бойынша мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру, мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарын уақытылы жасақтау мен жүзеге асыру;

16) өз құзіреті шегінде басқада міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Атырау облысының аумағында мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелерді шешу, дамудың негізгі бағыттарын дамыту жөніндегі ұсыныстарды басқарма басшысы мен басқарма басшысының орынбасары қарауына енгізеді.

         2) Мемлекеттiк органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша, белгiленген тәртiппен «Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты сұратады және алады.

         3) Мемлекеттік органдарда, сотта «Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді.

         4) «Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды.

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында және «Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде қарастырылған өзге де құқықтар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 

  1. Талдау, мониторинг және тауарларды сатып алу бөлімінің қызметiн ұйымдастыру
  2. Талдау, мониторинг және тауарларды сатып алу бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
  3. Талдау, мониторинг және тауарларды сатып алу бөлімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
  4. Талдау, мониторинг және тауарларды сатып алу бөлімінің басшысы бөлімнің қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.
  5. Талдау, мониторинг және тауарларды сатып алу бөлімінің басшысы басқарма басшысына құрылымдық бөлiмшенiң құрылымы мен штаттық кестесi бойынша ұсыныстар бередi.
  6. Бөлім басшысы осы мақсатта:

1) бөлім бас мамандарының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентiнiң актiлерiне сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

  1. Талдау, мониторинг және тауарларды сатып алу бөлімінің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша бөлім атынан басқа құрылымдық бөлiмшелерге жiберiлетiн құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

 

 

Талдау, мониторинг және тауарларды сатып алу бөлімі туралы ереже
Дата публикации
05 апреля 2021