Атырау облысы Қаржы басқармасына 2020 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардан барлығы 132 өтініш келіп түсті.
Келіп түскен өтініштердің 127-і басқармамен қаралып, 55 өтінішке заңға сәйкес жауаптар берілді, 5-і кері қайтарылып, 1 өтініш құзырлы мемлекеттік органдардың қарауына жолданған, 66 өтініш бойынша заң шеңберінде түсініктер берілді.
Басшылықтың жеке қабылдауында азаматтар болған жоқ.
Басқарма жоғарыда аталған жұмыстарды одан әрі жандандырады және ұдайы бақылауында ұстайды.