Атырау облысы Қаржы басқармасының коммуналдық меншікті басқару бөлімі туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Коммуналдық меншікті басқару бөлімі Атырау облысы Қаржы басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Коммуналдық меншікті басқару бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Коммуналдық меншікті басқару бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Атырау облысы Қаржы басқармасының басшысы бекітеді.

 

  1. Коммуналдық меншікті басқару бөлімінің

негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

4.Міндеті: Облыстық коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің мемлекеттік  саясатын іске асыру.

Функциялары:

  • өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысу;
  • облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп беру;
  • мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру туралы шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті шараларды жүзеге асыру;
  • облыстық коммуналдық мүлікті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкінің деңгейіне беру туралы шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті шараларды жүзеге асыру;
  • облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдау үшін қажетті шараларды жүзеге асыру;
  • облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасауды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
  • сатып алу-сату шартын, оның ішінде өзінің қолданысын тоқтатқан шартты орындауға байланысты жұмысқа сарапшыларды, сондай-ақ консультациялық, бағалау, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тарту;
  • жергілікті атқарушы орган атынан облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты облыстық коммуналдық меншік құқығының субъект құқығын жүзеге асыру;
  • облыстық коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол сатып алған мүлікті тиісті саланың уәкілетті органымен (мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстың жергілікті атқарушы органы айқындаған атқарушы орган) келісім бойынша алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асыру;
  • мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың коммуналдық меншікке берілетін мүлкі бойынша сыйға тарту шартын жасасу туралы шешім қабылдау үшін қажетті шараларды жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болуды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дүлей зілзалалар мен авариялар нәтижесінде, физикалық немесе моральдық тозуы салдарынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерін бұзу және жою;
  • жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік туралы мәліметтерді Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне ұсыну;

 

  1. Құқығы және міндеттері:

1) Коммуналдық мүлікті басқару бойынша Қаржы басқармасы қызметкерлерінен, қалалық және аудандық қаржы бөлімдерінен  мәліметтер алуға;

 2) бөлім қызметкерлерінің өз міндеттерін уақытында орындамауы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларының сақтамауы, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді және заңнамалардың басқа талаптарын сақтамауы бойынша басшыға тәртіптік шаралар алу жөнінде ұсыныстар беруге құқығы бар;

         3)  басқарманың міндеттері мен функцияларынан туындайтын басшы немесе оның орынбасарының өзге де тапсырмаларын, егер олар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексіне қайшы келмесе орындайды;

4)  бөлім құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.

  1. Коммуналдық меншікті басқару бөлімінің

қызметін ұйымдастыру

 

  1. Коммуналдық меншікті басқару бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Коммуналдық меншікті басқару бөлімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады. 
  3. Коммуналдық меншікті басқару бөлімінің басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  4. Коммуналдық меншікті басқару бөлімінің басшысы мекеме басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  5. Коммуналдық меншікті басқару бөлімінің басшысы осы мақсатта:

1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

3) коммуналдық меншікті басқару бөлімінің басшысы жұмыста болмаған кезде құрылымдық бөлімшеге жалпы басшылықты бөлім қызметкерлерінің бірі жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

4) мекеме басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

11.Коммуналдық меншікті басқару бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Коммуналдық меншікті басқару бөлімінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

Атырау облысы Қаржы басқармасының коммуналдық меншікті басқару бөлімі туралы ереже
Дата публикации
20 декабря 2020