Атырау облысы Қаржы басқармасының коммуналдық мүлікті түгендеу және пайдалануға беру бөлімі туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Коммуналдық мүлікті түгендеу және пайдалануға беру бөлімі Атырау облысы Қаржы басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Коммуналдық мүлікті түгендеу және пайдалануға беру бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Коммуналдық мүлікті түгендеу және пайдалануға беру бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Атырау облысы Қаржы басқармасының басшысы бекітеді.

 

  1. Коммуналдық мүлікті түгендеу және пайдалануға беру бөлімінің

негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

  1. Міндеті: облыстық коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің мемлекеттік саясатын іске асыру.

Функциялары:

  • мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылауды және мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асырады;
  • облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;
  • облыстық коммуналдық мүлікті жалдауға (жалға алуға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беруді жүзеге асырады;
  • облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді;
  • сенімгерлікпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;
  • мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің бірыңғай есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді және ұйымдастырады.

 

  1. Міндеті: коммуналдық заңды тұлғалармен (коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) жұмысты ұйымдастыру.

Функциялары:

  • өз құзіреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқытық актілерді дайындау;
  • жергілікті атқарушы орган атынан облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты облыстық коммуналдық меншік құқығының субъектісі құқығын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды атқарады;
  • тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды басшының келісуі бойынша қарайды және мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  • облыстық коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға келісім беру құжаттарын әзірлейді;
  • жергілікті атқарушы органға тиесілі акцияларға дивидендтердің уақтылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі жергілікті атқарушы органға тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыстын бөлігін бюджет есебіне аударуына бақылауды жүзеге асырады;
  • облыстық квазимемлекттік сектор субъектілерінің жыл сайын даму жоспарын, даму жоспарының орындалуы туралы есептерін уақытылы тапсыруын қадағалайды;
  • облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жергілікті атқарушы орган қатысатын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
  • облыс әкімдігінің шешімі бойынша басқарма акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болған жағдайда тиісті жұмыстарды ұйымдастырады;
  • облыс әкімдігінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың орналастырылатын акцияларына төлем жасауды және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақша енгізу жолымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына салымды, сондай-ақ облыстық коммуналдық мүлікті, оның ішінде акцияларды, жарғылық капиталға қатысу үлестерін енгізуді жүзеге асырады;
  • облыс әкімдігі атынан акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға мемлекеттің акционер (қатысушы) ретінде қатысу құқықтарын жүзеге асырады;
  • жалғыз акционері (қатысушысы) жергілікті атқарушы орган болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тиісті директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына өз өкілін тағайындау бойынша ұсыныстарды әзірлейді, ал жергілікті атқарушы орган қатысатын өзге акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде – директорлар кеңесіне немесе байқау кеңестеріне кандидатураны акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысына бекітуге ұсыну үшін жұмыстарды атқарады;

 

  1. 6. Құқығы және міндеттері:

 1) Коммуналдық мүлікті түгендеу және пайдалануға беру бойынша Қаржы басқармасы қызметкерлерінен, қалалық және аудандық қаржы бөлімдерінен  мәліметтер алуға;

 2) бөлім қызметкерлерінің өз міндеттерін уақытында орындамауы, мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларының сақтамауы, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді және заңнамалардың басқа талаптарын сақтамауы бойынша басшыға тәртіптік шаралар алу жөнінде ұсыныстар беруге құқығы бар;

        3) бөлімнің Ережесін дайындайды және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде мекеме басшысына ұсыныстар береді;

        4) бөлімнің жұмыс жоспарын жасақтайды және оның орындалуын қамтамасыз етеді;

5) басқарманың міндеттері мен функцияларынан туындайтын басшы немесе оның орынбасарының өзге де тапсырмаларын, егер олар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің қызмет этикасына қайшы келмесе орындайды;

6)  бөлім құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.

 

  1. Коммуналдық мүлікті түгендеу және пайдалануға беру бөлімінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Коммуналдық мүлікті түгендеу және пайдалануға беру бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Коммуналдық мүлікті түгендеу және пайдалануға беру бөлімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады. 
  3. Коммуналдық мүлікті түгендеу және пайдалануға беру бөлімінің басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  4. Коммуналдық мүлікті түгендеу және пайдалануға беру бөлімінің басшысы мекеме басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  5. Коммуналдық мүлікті түгендеу және пайдалануға беру бөлімінің басшысы осы мақсатта:

1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3) Коммуналдық мүлікті түгендеу және пайдалануға беру бөлімінің басшысы жұмыста болмаған кезде құрылымдық бөлімшеге жалпы басшылықты бөлім қызметкерлерінің бірі жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

4) мекеме басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Коммуналдық мүлікті түгендеу және пайдалануға беру бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға коммуналдық мүлікті түгендеу және пайдалануға беру бөлімінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Атырау облысы Қаржы басқармасының коммуналдық мүлікті түгендеу және пайдалануға беру бөлімі туралы ереже
Дата публикации
20 декабря 2020