Атырау облысы Қаржы басқармасының бюджет түсімдерінің қаржыландыру жоспарын жүргізу және төмен тұрған бюджеттердің орындалуын үйлестіру бөлімі туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Бюджет түсімдерінің қаржыландыру жоспарын жүргізу және төмен тұрған бюджеттердің орындалуын үйлестіру бөлімі Атырау облысы Қаржы басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бюджет түсімдерінің қаржыландыру жоспарын жүргізу және төмен тұрған бюджеттердің орындалуын үйлестіру бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бюджет түсімдерінің қаржыландыру жоспарын жүргізу және төмен тұрған бюджеттердің орындалуын үйлестіру бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Атырау облысы Қаржы басқармасының басшысы бекітеді.

 

  1. Бюджет түсімдерінің қаржыландыру жоспарын жүргізу және төмен тұрған бюджеттердің орындалуын үйлестіру бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

  1. Міндеті: Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте салықтық, ақша-кредит саясатымен өзара іс-қимыл жасай отырып, мемлекеттік бюджет саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, жергілікті бюджеттің кіріс түсімдеріне талдау жасау.

Функциялары:

  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке төленетін төлемдер түсімдерінің мерзімін, бюджетке өткен жылдары түскен төлемдер түсімдерінің динамикасын, мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық динамикасын талдау нәтижелерін және бағалы қағаздар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстар деңгейін, кредиттік шарттардың, қарыз шарттарының, байланысты гранттар туралы келесімдердің талаптарын негізге ала отырып, бюджет түсімдері сыныптамасының топтама кодтарының толық көлемі бойынша бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарын жасау; (Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы)
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу; (Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы)
  • Бюджет ақшасын басқару; (Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы)
  • Түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген көлемде төлемдерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау; (Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы)
  • Бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды; (Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы)
  • Тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы мониторингін жүргізу; (Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы)

 

  1. Міндеті: мемлекеттік бюджет саясатын іске асыруды қамтамасыз ету.

Функциялары:

  • Бюджет мониторинг нәтижелері туралы есеп; (Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы №629 бұйрығы)
  • Бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру; (Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі)
  • Жергілікті атқарушы органның қаулысы негізінде заңнамалықта көрсетілген тәртіпте тиісті бюджетті түзетуді жүзеге асыру; (Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі)
  • Республикалық бюджеттен берілетін трансферттердің игерілу барысы бойынша мониторинг жүргізу; (Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы №629 бұйрығы)

   

  1. Құқығы және міндеттері:

 1) Бюджет түсімдерінің қаржыландыру жоспарын жүргізу және төмен тұрған бюджеттердің орындалуын үйлестіру бойынша Қаржы басқармасы қызметкерлерінен, қалалық және аудандық қаржы бөлімдерінен  мәліметтер алуға;

 2) бөлім қызметкерлерінің өз міндеттерін уақытында орындамауы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларының сақтамауы, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді және заңнамалардың басқа талаптарын сақтамауы бойынша басшыға тәртіптік шаралар алу жөнінде ұсыныстар беруге құқығы бар;

         3) бөлімнің Ережесін дайындайды және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде мекеме басшысына ұсыныстар береді;

         4) бөлімнің жұмыс жоспарын жасақтайды және оның орындалуын қамтамасыз етеді;

            5) басқарманың міндеттері мен функцияларынан туындайтын басшы немесе оның орынбасарының өзге де тапсырмаларын, егер олар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексіне қайшы келмесе орындайды;

6)  бөлім құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.

 

  1. Бюджет түсімдерінің қаржыландыру жоспарын жүргізу және төмен тұрған бюджеттердің орындалуын үйлестіру бөлімінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бюджет түсімдерінің қаржыландыру жоспарын жүргізу және төмен тұрған бюджеттердің орындалуын үйлестіру бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Бюджет түсімдерінің қаржыландыру жоспарын жүргізу және төмен тұрған бюджеттердің орындалуын үйлестіру бөлімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады. 
  3. Бюджет түсімдерінің қаржыландыру жоспарын жүргізу және төмен тұрған бюджеттердің орындалуын үйлестіру бөлімінің басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  4. Бюджет түсімдерінің қаржыландыру жоспарын жүргізу және төмен тұрған бюджеттердің орындалуын үйлестіру бөлімінің басшысы мекеме басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  5. Бюджет түсімдерінің қаржыландыру жоспарын жүргізу және төмен тұрған бюджеттердің орындалуын үйлестіру бөлімінің басшысы осы мақсатта:

1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3) Бюджет түсімдерінің қаржыландыру жоспарын жүргізу және төмен тұрған бюджеттердің орындалуын үйлестіру бөлімінің басшысы жұмыста болмаған кезде құрылымдық бөлімшеге жалпы басшылықты бөлім қызметкерлерінің бірі жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

4) мекеме басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Бюджет түсімдерінің қаржыландыру жоспарын жүргізу және төмен тұрған бюджеттердің орындалуын үйлестіру бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бюджет түсімдерінің қаржыландыру жоспарын жүргізу және төмен тұрған бюджеттердің орындалуын үйлестіру бөлімінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Атырау облысы Қаржы басқармасының бюджет түсімдерінің қаржыландыру жоспарын жүргізу және төмен тұрған бюджеттердің орындалуын үйлестіру бөлімі туралы ереже
Дата публикации
15 декабря 2020