- Жалпы ережелер
- Облыс бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есебін қалыптастыру бөлімі Атырау облысы Қаржы басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Облыс бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есебін қалыптастыру бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Облыс бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есебін қалыптастыру бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Атырау облысы Қаржы басқармасының басшысы бекітеді.
- Облыс бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есебін қалыптастыру бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
- Міндеті: Мемлекеттік бюджет саясатын іске асыруды қамтамасыз ету.
Функциялары:
- Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясына, Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына және Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп ұсыну;
- Облыс бойынша бюджеттің есептілігі мен есебін қалыптастыру:
- тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есеп;
- филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен ақшаның түсуі және оның жұмсалуы туралы есеп;
- жеке облыстық және облыс бойынша дебиторлық берешек туралы есеп;
- жеке облыстық және облыс бойынша кредиторлық берешек туралы есеп;
- облыс бойынша жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігі;
- облыс бойынша жергілікті бюджеттің орындалуы туралы жылдық есеп.
- Облыстық бюджетті бекіту, нақтылау және түзету кезінде Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына беру үшін бюджеттік бағдарламалар бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының жобасын және бюджеттік өтінімдер жасау;
- Қалалық және аудандық қаржы бөлімдерінен бюджеттің атқарылуы туралы есеп алу;
- Жергілікті бюджет қаржысы есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерден мерзімді есептілік алу;
- Басқарма бағдарлама әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша мерзімді есеп жасау және жергілікті бюджетті атқару;
- Бекітілген көлемде республикалық бюджеттің кірісіне бюджеттік алымдар аударуды жүргізу;
- Бекітілген бюджет көлемінде төменгі тұрған бюджеттерге субвенциялар аударуды жүргізу;
- Қаржы басқармасы аппарат бойынша қаржыландыру жоспары мен жергілікті бюджеттің орындалуы туралы бухгалтерлік есеп және есеп беруді жетілдіруге бағытталған шаралар мен ұсыныстар әзірлеу;
- мемлекеттік сатып алу бойынша веб-порталда мемлекеттік сатып алулар өткізу;
- түгендеу нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтап, оларға есеп
жүргізу;
- жеке шоттарын енгізу, еңбекақы мен демалыс төлемдерін төлеу
және аударуды жүзеге асыру;
- міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық
жоспарларының орындалуын бақылау;
- бастапқы құжаттардың, есеп тіркелімдерінің, бухгалтерлік есептер
мен баланстардың сақталуын, олардың ресімделіп, мұрағатқа өткізілуін қамтамасыз ету;
- жинақтаушы зейнетақы қорларына тізімдер және аударымдар жасау; қазынашылықпен жұмыс жасау; аппарат бойынша бухгалтерлік есеп және есеп беру жүргізу; мемлекеттік кірістер департаментіне салықтар бойынша декларациялар дайындау және тапсыру; аппарат бойынша бастапқы құжаттарды ресімдеу және тіркеу; материалдық құндылықтарды және ақша қаржысын түгендеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуге қатысу; еңбек бойынша статистикалық есептер тапсыру; қолма-қол ақша қаражатын бақылау шотындағы уақытша ақша орналастыру шоттары бойынша бастапқы құжаттарды және есеп беруді ресімдеу және тіркеу; банктік құжаттарды дайындау және аппарат бойынша айналым тізімдемесін жүргізу;
- Құқығы және міндеттері:
1) Облыс бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есебін қалыптастыру бойынша Қаржы басқармасы қызметкерлерінен, қалалық және аудандық қаржы бөлімдерінен мәліметтер алуға;
2) бөлім қызметкерлерінің өз міндеттерін уақытында орындамауы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларының сақтамауы, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді және заңнамалардың басқа талаптарын сақтамауы бойынша басшыға тәртіптік шаралар алу жөнінде ұсыныстар беруге құқығы бар;
3) бөлімнің Ережесін дайындайды және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде мекеме басышысына ұсыныстар береді;
4) бөлімнің жұмыс жоспарын жасақтайды және оның орындалуын қамтамасыз етеді;
5) басқарманың міндеттері мен функцияларынан туындайтын басшы немесе оның орынбасарының өзге де тапсырмаларын, егер олар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексіне қайшы келмесе орындайды;
6) бөлім құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.
- Облыс бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есебін қалыптастыру бөлімінің қызметін ұйымдастыру
- Облыс бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есебін қалыптастыру бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
- Облыс бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есебін қалыптастыру бөлімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
- Облыс бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есебін қалыптастыру бөлімінің басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
- Облыс бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есебін қалыптастыру бөлімінің басшысы мекеме басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
- Облыс бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есебін қалыптастыру бөлімінің басшысы осы мақсатта:
1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3) Облыс бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есебін қалыптастыру бөлімінің басшысы жұмыста болмаған кезде құрылымдық бөлімшеге жалпы басшылықты бөлім қызметкерлерінің бірі жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
4) мекеме басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
- Облыс бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есебін қалыптастыру бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға облыс бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есебін қалыптастыру бөлімінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.