Ереже

Атырау облысы Қаржы басқармасының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын жүргізу бөлімі туралы ереже

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын жүргізу бөлімі Атырау облысы Қаржы басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын жүргізу бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  4. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын жүргізу бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Атырау облысы Қаржы басқармасының басшысы бекітеді.

 

  1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын жүргізу бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
  2. Міндеті: Мемлекеттік бюджет саясатын іске асыруды қамтамасыз ету.

Функциялары:

     1)  Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергілікті бюджет бойынша төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу; (Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығы);

     2) Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері және төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жүргізу; (Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығы);

     3) Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын бюджеттік есептілік және ақпарат негізінде бюджеттік мониторинг жүргізу; (Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы №629 бұйрыгы);

     4) Тоқсан сайын бюджеттік мониторингтің нәтижелері және жыл қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы ескертпе ақпарат беру; (Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы №629 бұйрыгы);

     5) Облыстық бюджеттің орындалуы туралы жылдық және кезеңдің есептерде, бюджттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы аналитикалық есепті талдау, орталық уәкілетті органдар белгілеген басқа да есептерді, есепке түсіндірме жазбаны, маслихаттың тұрақты коммиссиясында қарау үшін облыстық бюджеттің орындалуы туралы баяндамаларды жасауға қатысады. Қаржы басқармасының алқасында тыңдау үшін бюджеттің орындалуы бойынша қажетті анықтамалардың, жергілікті басқару органдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, өзге де жоғары тұрған органдарына жіберілетін ақпараттың жасалуын қамтамасыз етеді; (Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығы, Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы №629 бұйрыгы, Мемлекеттік мекемелердың, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы №630 бұйрығы);

         6) Жергілікті атқарушы органдардың мақсаттарға қол жеткізу блогы бойынша операциялық бағалау жүргізу; (Мақсаттарға қол жетқізу блоғы бойынша операциялық бағалау әдістемесін бекіту туралы Республикалық бюджеттің атқарлуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 26 ақпандағы №1-НҚ және Қазақстан Республикасы  Қаржы министірінің 2020 жылғы 26 ақпандағы №201 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығы);

7) Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің келісімдерін тіркеу және мониторингін жүргізу; (Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығы)

        

  1. Құқығы және міндеттері:

 1) Бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау және іске асырылуын бағалау бойынша Қаржы басқармасы қызметкерлерінен, қалалық және аудандық қаржы бөлімдерінен  мәліметтер алуға;

 2) бөлім қызметкерлерінің өз міндеттерін уақытында орындамауы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларының сақтамауы, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді және заңнамалардың басқа талаптарын сақтамауы бойынша басшыға тәртіптік шаралар алу жөнінде ұсыныстар беруге құқығы бар;

         3) бөлімнің Ережесін дайындайды және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде мекеме басышысына ұсыныстар береді;

         4) бөлімнің жұмыс жоспарын жасақтайды және оның орындалуын қамтамасыз етеді;

            5) басқарманың міндеттері мен функцияларынан туындайтын басшы немесе оның орынбасарының өзге де тапсырмаларын, егер олар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексіне қайшы келмесе орындайды;

6)  бөлім құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.

 

 

  1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын жүргізу бөлімінің қызметін ұйымдастыру
  2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын жүргізу бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын жүргізу бөлімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады. 
  4. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын жүргізу бөлімінің басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  5. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын жүргізу бөлімінің басшысы мекеме басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  6. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын жүргізу бөлімінің басшысы осы мақсатта:

1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3) Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын жүргізу бөлімінің басшысы жұмыста болмаған кезде құрылымдық бөлімшеге жалпы басшылықты бөлім қызметкерлерінің бірі жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

4) мекеме басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын жүргізу бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын жүргізу бөлімінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Ереже
Дата публикации
14 декабря 2020