Атырау облысы Атырау облысы Қаржы басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін басқарма басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.
Ішкі талдауға жататын бөлім:
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын жүргізу бөлімі.
Ішкі талдаудың бағыты:
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бөлімшенің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Жұмыс тобының құрамы:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалы анықтама жұмыс тобымен жасақталды:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау кезеңі: 2020 жылдың 1 қаңтары мен 1 қарашасы аралығы.
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Облыс әкімдігінің 2020 жылғы 17 шілдедегі №140 «Облыстың жергілікті атқарушы органының резерві» бағдарламасынан қаражат бөлу туралы қаулысы;
- Облыс әкімдігінің 2020 жылғы 1 сәуіріндегі №17 012 «Облыстың жергілікті атқарушы органының резерві» бағдарламасынан қаражат бөлу туралы қаулысы.
- Облыс әкімдігінің 2020 жығы 29 мамырындағы №50 Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 наурыздағы №48 «012 «Облыстың жергілікті атқарушы органының резерві» бағдарламасынан қаражат бөлу туралы» қаулысынан өзгеріс енгізу туралы қаулысы.
- Облыс әкімдігінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №47 012 «Облыстың жергілікті атқарушы органының резерві» бағдарламасынан қаражат бөлу туралы қаулысы.
Талдау анықтамасы бойынша нормативтік – құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмады.
Терминдерді біріздендіру, заңды жетілдіру, құқық қолдану практикасының бірыңғайлылығын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар жоқ.
1) бөлімде штат кестесіне сәйкес 4 қызметкер, 1-қызметкер бала күтімі демалысында. Кадрлардың тұрақтамауы орын алмаған.
2) мүдделер қақтығысы – 2020 жылғы 1 қараша жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;
3) бөліммен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.
4) рұқсат беру функциялары іске асырылмайды;
5) басқармада бақылау функциялары іске асырылмайды;
6) бөліммен ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер жоқ.
1.Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативті құқықтық актілерден сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталған жоқ.
2.Бөлімге қатысты мемлекеттік органдармен тексеру жүргізілген жоқ.
Жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша Атырау облысы Қаржы басқармасының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын жүргізу бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
|
Жұмыс тобының жетекшісі |
Елеусинова Ш.М.
|
|
Жұмыс тобының мүшелері: |
Джумагазиева С.М.
|
|
|
Мендигереева Э.А. Джаксыгалиев Б.К. Шомирова А.С. |
|
Таныстырылды:
|
Куpманова Э.А. |