ЖАЛПЫ КОНКУРС: D-O-4, 2 БІРЛІК

«Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды Атырау облысы Қаржы басқармасы, 060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй, 1 қабат, 127а кабинет. Анықтамалар үшін телефон: 8(7122)32-06-98, электронды поштаның мекен-жайы: uf12@list.ru

 

1. Бюджет түсімдерінің қаржыландыру жоспарын жүргізу және төмен тұрған бюджеттердің орындалуын үйлестіру бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне байланысты 195895 теңгеден 255514 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Өзі жасайтын бөлімнің Ережесін дайындауға қатысады. Бөлімнің жұмыс жоспарын жасақтайды және оның орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлімнің ағымдағы істерін орындайды. Хаттар, арыздар және шағымдарды қарап, оларға жауаптар береді. Басқармада басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүргізеді. Басқарманың бірінші басшысына оны жақсарту жөнінде ұсынымдар береді. Басқарманың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтауын тексеруді жүзеге асырады. Қала, аудандар бюджеттерінің орындалуын талдау жүргізу. Жергілікті бюджеттің орындалуы туралы ақпарат дайындау. Кезеңдік есеп беру негізінде облыс бюджетінің ай, тоқсан, жарты жыл және жыл бойынша орындалуының талдауын жүргізу. Облыс бюджетінің орындалуы жөніндегі есептерді жасақтау. Ағымдағы бюджет және даму бюджеті жөніндегі ақпаратты дайындап, Қаржы министрлігіне ұсыну. Бюджетті орындау мәселелері бойынша аудандық және қалалық қаржы бөлімдерінің мамандарына кеңес беру. Республикалық бюджеттің нысаналы трансферттерінің игерілуі жөніндегі мәліметтерді жинақтау және жиынтық ақпаратты дайындап Қаржы министрлігіне ұсыну. Өз мәртебесін және соған негізделген беделін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерге жол бермеуге тиіс. Өзінің лауазымдық міндеттерін және еңбек тәртіптерін сақтауға міндетті. Басқарманың міндеттері мен функцияларынан туындайтын басшының өзге де тапсырмаларын, егер олар «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексіне», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына қайшы келмесе орындайды. Бөлім құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Мынадай құзыреттердің бар болуы – стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекетестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. Коммуналдық мүлікті түгендеу және пайдалануға беру бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер әлеуметтік (жүктілікке және бала туу бойынша) демалыста болуына байланысты 2020 жылғы 9 желтоқсанға дейін), санаты D-О-4, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне байланысты 195895 теңгеден 255514 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Өзі жасайтын бөлімнің Ережесін дайындауға қатысады. Бөлімнің жұмыс жоспарын жасақтайды және оның орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлімнің ағымдағы істерін орындайды. Хаттар, арыздар және шағымдарды қарап, оларға жауаптар береді. Мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылауды және мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асырады. Облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді. Облыстық коммуналдық мүлікті жалдауға (жалға алуға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беруді жүзеге асырады. Облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді. Сенімгерлікпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің бірыңғай есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді және ұйымдастырады. Өз құзыреті шегінде коммуналдық мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, тиісті тұлғалармен келіседі. Тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды басшының келісуі үшін қарайды және мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді. Облыстық коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға келісім беру құжаттарын әзірлейді. Жергілікті атқарушы органға тиесілі акцияларға дивидендтердің уақтылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі жергілікті атқарушы органға тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысты бөлігін бюджет есебіне аударуына бақылауды жүзеге асырады. Облыстық квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жыл сайын даму жоспарын, даму жоспарының орындалуы туралы есептерін уақытылы тапсыруын қадағалайды. Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жергілікті атқарушы орган қатысатын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады. Облыс әкімдігінің шешімі бойынша басқарма акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болған жағдайда тиісті жұмыстарды ұйымдастырады. Облыс әкімдігінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың орналастырылатын акцияларына төлем жасауды және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақша енгізу жолымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына салымды, сондай-ақ облыстық коммуналдық мүлікті, оның ішінде акцияларды, жарғылық капиталға қатысу үлестерін енгізуді жүзеге асырады. Облыс әкімдігі атынан акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға мемлекеттің акционер (қатысушы) ретінде қатысу құқықтарын жүзеге асырады. Жалғыз акционері (қатысушысы) жергілікті атқарушы орган болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тиісті директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына өз өкілін тағайындау бойынша ұсыныстарды әзірлейді, ал жергілікті атқарушы орган қатысатын өзге акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде – директорлар кеңесіне немесе байқау кеңестеріне кандидатураны акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысына бекітуге ұсыну үшін жұмыстарды атқарады. Өзінің лауазымдық міндеттерін және еңбек тәртіптерін сақтауға міндетті. Басқарманың міндеттері мен функцияларынан туындайтын басшының өзге де тапсырмаларын, егер олар «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексіне», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына қайшы келмесе орындайды. Бөлім құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару). Құқық (құқықтану)

Мынадай құзыреттердің бар болуы – стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекетестік, қызметті басқару.

Жалпы талаптары: Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті

органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей білу ( Word, Exsel, Outlook).

Құжаттарды қабылдау мерзімі: жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні.

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) нысанға сәйкес өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанға сәйкес толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері барқолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа ниет білдірген азаматтар конкурст жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-Қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекен жайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Әңгімелесу өткізудің орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде Атырау облысы Қаржы басқармасында өтеді (Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі,77 үй, 2 қабат, 204 кабинет).

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Байқаушылар туралы ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады..

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына 2-қосымша

Нысан

_________________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені_________________________________________________________

__________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және нааркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өндеуге рұқсатымды беремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін___________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар: ____________________________________________________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы: ______________________________________________________

Байланыс телефоны:_________________________________________________

e-mail:_____________________________________________________________

ЖСН:_____________________________________________________________

__________________________________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

Форма

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии)

________________________
Лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖАЛПЫ КОНКУРС: D-O-4, 2 БІРЛІК
Дата публикации
12 августа 2020