ЖАЛПЫ КОНКУРС: БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ (УАҚЫТША) НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТКЕР УАҚЫТША ӘЛЕУМЕТТІК ДЕМАЛЫСТА (БАЛА КҮТІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ДЕМАЛЫСЫНДА) БОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ, 2020 ЖЫЛДЫҢ 01 ҚЫРКҮЙЕГІНЕ ДЕЙІН), D-О-4

Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды Атырау облысы Қаржы басқармасы, 060010, Атырау қаласы, Азаттық көшесі 31а, 2 қабат, 202 кабинет. Анықтамалар үшін телефон: 8 (7122) 51-79-95, факс: 8 (7122) 32-44-42, электронды поштаның мекен-жайы: uf12@list.ru

 

Бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің бас маманы (уақытша) негізгі қызметкер уақытша әлеуметтік демалыста (бала күтіміне байланысты демалысында) болуына байланысты, 2020 жылдың 01 қыркүйегіне дейін), D-О-4 санаты бойынша, лауазымдық айлық ақысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне байланысты 108 306 теңгеден 146 177 теңгеге дейін.

Лауазымның функционалдық міндеттері:

1. Өзі жасайтын бөлімнің Ережесін дайындауға қатысады;

2. Бөлімнің жұмыс жоспарын жасақтайды және оның орындалуын қамтамасыз етеді; бөлімнің ағымдағы істерін орындайды; хаттар, арыздар және шағымдарды қарап, оларға жауаптар береді;

3. Жалпы облыс бойынша бюджеттің орындалуы туралы жиынтық есептерін қалыптастырады және облыстық – меншікті бюджеттің есебін жасақтайды; тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін түсімдер мен ақшаны жұмсау жоспарының орындалуы туралы есептерін, филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және меценаттық қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есепті қалыптастырады және облыстық-меншікті бюджеттің есебін жасақтайды;

4. Түгендеу нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтап, оларды есепте пайдаланады.

5. Шоттар бойынша талдау есебін жүргізу, шоттардағы қаржы қалдығын бақылайды;

6. Мекемелер, қалалық және аудандық қаржы органдарынан дебиторлық және кредиторлық берешектер бойынша есептер қабылдау, мәліметтер жинауды жүргізеді; Қаржы Министрлігіне тапсыру үшін жиынтық есептерін және облыстық бюджеттің дебиторлық берешектері туралы есептерін жасайды; Қаржы Министрлігіне ұсыну үшін облыстық бюджеттің кредиторлық берешектері туралы есептері мен жиынтық есептерін жасайды;

7. Жинақтаушы зейнетақы қорларына тізімдер және аударымдар жасайды; қазынашылықпен жұмыс жасайды; мемлекеттік кірістер департаментіне дайындайды және тапсырады; аппарат бойынша құжаттарды ресімдейді және тіркейді; материалдық құндылықтарды және ақша қаржысын түгендеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуге қатысады; еңбек бойынша статистикалық есептер тапсырады; қолма-қол ақша қаражатын бақылау

шотындағы уақытша ақша орналастыру шоттары бойынша бастапқы құжаттарды және есеп беруді ресімдеу және тіркеу; банктік құжаттарды дайындау және аппарат бойынша айналым тізімдемесін жүргізеді;

8. Мемлекеттік сатып алу бойынша веб-порталда мемлекеттік сатып алулар өткізуді ұйымдастырады;

9. Бастапқы құжаттардың, есеп тіркелімдерінің, бухгалтерлік есептер мен баланстардың сақталуын, олардың ресімделіп, мұрағатқа өткізілуін қамтамасыз етеді;

10. Өз мәртебесін және соған негізделген беделін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерге жол бермеуге тиіс;

11. Өзінің лауазымдық міндеттерін және еңбек тәртіптерін сақтауға міндетті;

12. Басқарманың міндеттері мен функцияларынан туындайтын басшының өзге де тапсырмаларын, егер олар «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексіне», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына қайшы келмесе орындайды;

13. Бөлім құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Білімі – жоғары экономикалық, қаржыгерлік, заңгерлік.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) нысанға сәйкес өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанға сәйкес толтырылған қызметтік тізім;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру

саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының

бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралдыақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті

мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жекеқасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері барқолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өткізудің орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде Атырау облысы Қаржы басқармасында өтеді.

Байқаушылар туралы ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың),

коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

_________________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені___________________________________________

________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар: _____________________________________________________________________________________

_______________________________________________ ___________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

__________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны________________________________ _____________________________________________________________________________ ________________ _____________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

Форма

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии)

________________________
Лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖАЛПЫ КОНКУРС: БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ (УАҚЫТША) НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТКЕР УАҚЫТША ӘЛЕУМЕТТІК ДЕМАЛЫСТА (БАЛА КҮТІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ДЕМАЛЫСЫНДА) БОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ, 2020 ЖЫЛДЫҢ 01 ҚЫРКҮЙЕГІНЕ ДЕЙІН), D-О-4
Дата публикации
21 января 2020