1) коммуналдық мүлік объектілерін басқарудың және жекешелендірудің мемлекеттік саясатын іске асыру;
2) коммуналдық мүлікті заңнамада белгіленген тәртіппен мақсатты және тиімді пайдалану;
Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі: 1) біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат
берген әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің; 2)жеңімпаздар деп айқындалған, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім
берушілердің; 3) өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралышарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім берушілердің тізбесін
білдіреді.
Қысқа жауап:
1-қадам: Сауда-саттыққа қатысу үшін тіркелу
2-қадам: Қажетті құжаттарды ұсыну
3-қадам: Кепілдік жарнаны төлеу
4-қадам: Құжаттарды түпнұсқа күйінде ұсыну
5-қадам: Сатып алу-сату шарты
6-қадам: Сауда-саттық нәтижелері
Толық жауап:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасының »3- тарауының 29 - тармағына сәйкес аукционға, тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
Тендерге қатысушылар сауда-саттық шартымен келісетінін қамтитын өтінімді және тізілімнің арнайы бөлінген веб-парақшасында электрондық конвертке жүктелетін баға ұсынысын сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген, қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерімен қоса тіркейді.
Қағиданың 30 тармағына сәйкес аукционның, тендердің жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға мынадай құжаттардың көшірмелерін, оларды салыстырып тексеру үшін міндетті түрде түпнұсқаларын не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады:
1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама;
заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлға өкілінің паспорты немесе оның жеке басын куәландыратын құжат;
мемлекетке тиесілі акцияларды сатқан кезде – қатысушының акцияларына иелік ететін (хабарлама жарияланған сәтте) акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен үзінді-көшірме.
Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариат растаған көшірмелерін ұсынады.
Тендердің жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға да өтінімге қоса берілген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.
Қағиданың 20- тармағына сәйкес сауда-саттыққа қатысу үшін жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін кепілдік жарна жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасының он бес пайызын құрайды.
Қағиданың 68 -тармағына сәйкес сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама тендердің нәтижелерiн және жеңімпаз бен сатушының тендер нәтижесi болып табылатын шарттарда жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тіркейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдаланып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.
Ссылка: https://e-qazyna.kz/ru/
Қысқа жауап:
Мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпаз болып анықталғаннан кейін (шағым беру мерзімі өткен соң немесе баға ұсыныстары бойынша жеңімпаз шыққан күннен бастап) 1 жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші веб-порталы арқылы Сізге хабарлама жібереді.
Жеңімпаз (өнім беруші) сұрауды алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде веб-порталда
Егер осыны уақытында растамаса:
Тапсырыс беруші порталдағы бұрын тіркелген мәліметтер бойынша шартты рәсімдей береді.
Мәліметтер расталғаннан кейін (немесе растау мерзімі өткен соң) 1 жұмыс күні ішінде
тапсырыс беруші электронды цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойылған ,шарттың жобасын өнім берушіге жібереді.
Өнім беруші белгіленген мерзімде веб-портал арқылы өзінің ЭЦҚ-сымен шартқа қол қояды.
Толық жауап:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының