GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Әкім аппараты
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Әкім аппараты
Все материалы
16 октября 2026
ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗ ЖІБЕГІ МЕРУЕРТ ӨТЕКЕШОВА ИСАТАЙ АУДАНЫНДА

                                                                                         

             ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗ ЖІБЕГІ МЕРУЕРТ ӨТЕКЕШОВА ИСАТАЙ АУДАНЫНДА  

Исатай ауданында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, қазақ өнерінің көрнекті өкілі, халқымыздың жадында Қыз Жібек бейнесімен сақталған Меруерт Өтекешовамен кездесу кеші өтті.

Кеш барысында аты аңызға айналған әнші Мұнира Ижанова «Қыз Жібек» фильмінде шырқалған әйгілі «Гәкку» әнін орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Меруерт Өтекешова өнер жолындағы өнегелі ғұмырынан сыр шертіп, шығармашылық жолындағы естеліктерімен бөлісті. Қазақ киносының алтын қорынан орын алған «Қыз Жібек» фильмінің түсірілімі, фильмдегі кейіпкерлердің тағдыры мен өнердегі өмір жолы туралы әңгімелері көрермендердің қызығушылығын оятып, рухани әсерге бөледі.

Кездесу соңында аудан әкімі Н. Мусин сөз сөйлеп, қазақ өнерінің көрнекті өкіліне құрмет көрсетіп, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтарын табыстады.

Тағылымы мол кездесу ұлттық өнерді ұлықтап, қазақ киносының асыл мұрасын дәріптеуге, мәдени құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізуге бағытталған мазмұнды мәдени шара болды.

14 октября 2026
ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ

ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ

Ұстаздар күніне орай Жанбай ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, Х. Нәубетов атындағы орта мектептің қолдауымен ұстаздарға арналған ерекше мерекелік шара өтті.

Мерекелік шара барысында 400-ге жуық оқушы өз ұстаздарына деген құрметі мен алғысын ән арқылы жеткізді. Оқушылар ұстаздарға арнап ән шырқап, жүрекжарды тілектерін білдірді.

Шәкірттердің ыстық ықыласы мен шынайы ризашылығы ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік кештің мазмұнын айшықтай түсті.

Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге!

14 октября 2026
ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ «USTAZFEST – 2026» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ «USTAZFEST – 2026» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

5 қазан күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жалын» мәдениет үйінде Ұстаздар күніне орай «USTAZFEST – 2026» фестивалі өтті.

Мерекелік шара аясында ұстаздар қолөнер бұйымдары, химиялық тәжірибелер, STEM жобалары мен кітапхана көрмесін тамашалады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары әзірлеген фотозоналар мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Фестивальді аудан әкімі Нұрым Бекежанұлы Мусин құттықтау сөзімен ашып, бірқатар ұстаздарға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің грамоталары мен облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарын табыстады. Аудандық білім бөлімінің құттықтау хаттарын бөлім басшысы Гүлайна Махмудақызы, ал қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан педагогтерге құттықтау хаттарды аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қ. Рамазанұлы мен аудандық полиция бөлімінің бастығы Манарбек Ғаділбекұлы табыстады.

Мерекелік кеш барысында «Дәстүр үні» әжелер ансамблі мен аудан өнерпаздары өнер көрсетіп, Ш. Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің оркестрі музыкалық сүйемелдеумен кештің шымылдығын ашты.

Ұстаз – ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, елдің ертеңін қалыптастыратын тұлға. Ұстаз еңбегінің жемісі – шәкіртінің жетістігі.

12 октября 2026
ИСАТАЙ АУДАНЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ИСАТАЙ АУДАНЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Аудан аумағын көгалдандыру, жасыл желекті көбейту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Биыл көктемде аудан бойынша 1215 дана көшет отырғызылса, қыркүйек айында Х. Ерғалиев ауылында 5 гектар аумаққа 4000-нан астам тал көшеті отырғызылды.

Алдағы уақытта тағы да 2 мыңға жуық тал көшетін отырғызу жоспарлануда.

 Көгалдандыру – туған жердің көркін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға қосылған ортақ үлес.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы жұмыстарға үлес қосып, әр аулаға – бір тал, әр отбасыға – бір игі іс қағидасын бірге қалыптастырайық!

 

Таза аудан – ортақ еңбек

12 октября 2026
ЖАНБАЙ АУЫЛЫНДА ЖОЛ САПАСЫ ЖАҚСАРТЫЛУДА

ЖАНБАЙ АУЫЛЫНДА ЖОЛ САПАСЫ ЖАҚСАРТЫЛУДА

Жанбай ауылындағы жолдарға жаңа жабын төселіп, елді мекендегі көлік қатынасының сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Жаңартылған жолдар тұрғындардың күнделікті қозғалысын жеңілдетіп, автокөліктердің қауіпсіз әрі кедергісіз қатынауына мүмкіндік береді.

Елді мекеннің инфрақұрылымын дамыту және тұрғындар үшін жайлы жағдай қалыптастыру мақсатындағы абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

12 октября 2026
З. ГУМАРОВ КӨШЕСІНДЕ 900 МЕТР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ САЛЫНДЫ

З. ГУМАРОВ КӨШЕСІНДЕ 900 МЕТР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ САЛЫНДЫ

 Аудан елді мекендеріндегі жол инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы жүріп-тұруына жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Осы бағытта Аққыстау ауылы З. Гумаров көшесінде ұзындығы 900 метр автомобиль жолына асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Актив-А» ЖШС жүзеге асырды.

Жол жабынына ұсақ түйіршікті асфальтбетон (МЗ) төселіп, жұмыстар 3 күн ішінде толық аяқталды. Нәтижесінде аталған көшеде көлік қозғалысына және тұрғындардың күнделікті қатынауына қолайлы жағдай жасалды.

Аудан аумағындағы жолдардың сапасын жақсарту және көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

12 октября 2026
АҚҚЫСТАУ АУЫЛЫНДА ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖЕТІЛДІРІЛУДЕ

АҚҚЫСТАУ АУЫЛЫНДА ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖЕТІЛДІРІЛУДЕ

 

Аққыстау ауылындағы Н. Әжіғалиев және Жәңгірхан көшелеріне асфальт жабындысы төселіп, жолдардың жағдайы жақсартылды.

Аталған жұмыстар тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз етуге, көлік қатынасын жеңілдетуге және елді мекеннің инфрақұрылымдық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Жаңартылған көшелер шаң-тозаңды азайтып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жол инфрақұрылымын ретке келтіру ауылдың санитарлық және эстетикалық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізеді.

 Көркейтілген әрбір көше – елді мекеннің дамуы мен тұрғындар игілігіне бағытталған нақты қадам.

 Аққыстау ауылының абаттандырылуы мен инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасын табады.

08 октября 2026
«ЕЛГЕ ЕҢБЕК – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ»

«ЕЛГЕ ЕҢБЕК – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ»

 

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ауданда алғаш рет «Елге еңбек – ұрпаққа өнеге» атты ардагерлер спартакиадасы мен форумы өтті.

Алдымен жеті ауылдық округтен келген ардагерлер шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және волейболдан бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Спорттық шарадан кейін өткен форумға ауданның ардагерлері, ел ағалары, ақ жаулықты әжелер және ауылдық округтерден келген қонақтар қатысты.

Форум барысында аудан әкімі Нұрым Мусин, аудандық полиция бөлімінің бастығы Манарбек Умбеталиев және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Насимуллин сөз сөйлеп, аға буын өкілдерін мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ардагерлер Алғыс хаттармен марапатталып, 65, 80 және 90 жас мерейтойларын атап өткен азаматтарға арнайы құрмет көрсетілді.

Аталған шара аға буынға құрмет көрсетіп, олардың өнегелі жолын дәріптеуге және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталды.

08 октября 2026
13 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

 

13 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Исатай ауданында көпбалалы және толық емес отбасы санатындағы 13 азаматқа жаңа тұрғын үйлердің кілті табысталды.

Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрым Мусин мен аудандық мәслихат төрағасы А. Рахметов қатысып, баспана иелерін құттықтап, жаңа қоныстарына ақжолтай тілегін білдірді.

Жаңа тұрғын үйлер Аққыстау ауылдық округінен – 2, Тұщықұдық ауылдық округінен – 5 және Х. Ерғалиев ауылынан – 6 отбасыға берілді.

Тамыз айында 12 үйдің кілті иелеріне тапсырылса, бүгінгі 13 үйді қоса есептегенде, жоспарланған 25 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, азаматтардың игілігіне ұсынылды.

Тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жоспарланған тұрғын үйлер белгіленген тәртіпке сәйкес өз иелеріне табысталады.

08 октября 2026
WORLD CLEANUP DAY: ИСАТАЙ АУДАНЫНДА КӨЛЕМДІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

WORLD CLEANUP DAY: ИСАТАЙ АУДАНЫНДА КӨЛЕМДІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүкіләлемдік World Cleanup Day акциясы аясында Исатай ауданында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Акцияға аудан бойынша 1200 адам қатысып, елді мекендер мен қоғамдық аумақтарды абаттандыру және қоқыстан тазарту жұмыстарына белсенді атсалысты.

Тазалық жұмыстарына 12 арнайы техника жұмылдырылып, аудан аумағынан жалпы 60 тонна қоқыс шығарылды.

Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың туған жерге деген жауапкершілігін арттыру.

 

Таза аудан – ортақ еңбектің нәтижесі!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы