Исатай ауданы бойынша тіркеуде жоқ азаматтарға дауыс беруге мүмкіндік жасау
Исатай ауданы бойынша 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы күні тіркеуде жоқ азаматтар үшін Исатай ауданында дауыс бере алатын 5 сайлау учаскесі белгіленді.
Тіркеуде жоқ азаматтар үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері көмек көрсетеді. Мұнда әртүрлі себептермен тіркелмеген адамдар өз құқығын пайдаланып, дауыс бере алады. Осы мақсатта аталған учаскелерде бір күндік тіркеу жүргізіледі. Сондықтан, қала тұрғындары мен қонақтары тіркеусіз-ақ өздерінің азаматтық борышын орындауға және ел өміріндегі маңызды оқиғаға өз үлесін қосуға мүмкіндігі бар.
|
Исатай ауданы бойынша дауыс беру күні тұрғылықты жері бойынша азаматтарды тіркеуді тексеру сервисін белгілеу үшін сайлау учаскелері туралы мәліметтер |
|||||
|
|
|
|
|
|
|
|
№ п/п |
Аудан |
Елді мекен |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау учаскесі орналасқан объектінің (дауыс беруге арналған үй-жайлар) атауы |
Сайлау учаскесі орналасқан жердің мекенжайы |
|
1 |
Исатай ауданы |
Аққыстау ауылы |
133 |
«Жалпы білім беретін Аққыстау орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
Д.Әбілхайыров көшесі, №1 үй |
|
2 |
Исатай ауданы |
Аққыстау ауылы |
134 |
«Жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі ғимараты. |
Х.Ерғалиев көшесі, №15 үй |
|
3 |
Исатай ауданы |
Аққыстау ауылы |
139 |
«Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты |
Егемен Қазақстан көшесі, №7 үй |
|
4 |
Исатай ауданы |
Аққыстау ауылы, Өркен елді мекені |
140 |
«Жалпы білім беретін Өркен орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Жалтыр көшесі, №82 үй |
|
5 |
Исатай ауданы |
Аққыстау ауылы |
142 |
«Жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі ғимаратының Ұлттық бірыңғай тестілеу кабинеті |
Х.Ерғалиев көшесі, №15 үй |