Исатай ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына және «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) бекітілген Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тарифтерін қалыптастыру ережесінің 4-тармағына сәйкес Исатай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімі Н.Мусин
Исатай ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «__» _________
№__ қаулысына
қосымша
Исатай ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «__» _________
№___ қаулысымен
бекітілген
Исатай ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер
|
№ |
Атауы |
Қызметалушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (теңге) |
|
1. |
Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету |
268 667 |
|
2. |
Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету |
334 446 |
|
3. |
Қартаюына байланысты өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын, сондай-ақ бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдарға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету |
62 286 |