«Исатай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Исатай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Исатай ауданының әкімдігі: ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- "Исатай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Исатай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №26 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27096 болып тіркелді) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесіндегі "50-1" деген сандар "73" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Исатай ауданының әкімі Н.Мусин