Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия ережесі

 

Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамы

 

№

АТЫ-ЖӨНІ

ЛАУАЗЫМЫ

1

Абежан Нұрғайша Халидоллақызы

Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы

 

2

Құрманғалиева Гүлайна Махмудақызы

Аудандық білім бөлімінің басшысы,

комиссия төрайымының орынбасары

 

3

Құрасова Мейрамгүл Күнтуғанқызы

Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлім басшысы, комиссия хатшысы

 

 

КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ

 

4

Бекішұлы Айбатыр

Аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары

 

5

Ғабитова Софья Боранбайқызы

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының  басшысы

 

6

Жолжанов Сейқуат Ғизатұлы

Аудандық Әділет басқармасының басшысы

 

7

Шагиров Саябек Жанибекұлы

Аудандық мәдениет,  дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы

 

8

Идрисова Назым Жоламанқызы

Аудандық орталық ауруханасының бас медбикесі

 

9

Махмутов Арманбек Амантайұлы

Аудандық тілдерді дамыту және  ішкі саясат бөлімінің басшысы

 

10

Узагалиев Ерлан Серікұлы

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы

 

11

Мұратов Асылан Мұратұлы

Аудандық «Нарын таңы» газетінің бас редакторы

 

12

Сапаева Алтынзер Орынғалиқызы

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

 

13

Телеубаева Айсұлу Себекқызы

Аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының аға учаскелік инспекторы

 

14

Утегенов Нұрберген Мұратұлы

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  Аудан әкімінің 2011 жылғы

                  « 26»  желтоқсандағы №48

                  шешіміне 2  қосымша

 

Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия туралы ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия (бұдан әрі комиссия) аудан әкімі жанындағы консультатиытік орган болып табылады.
  2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы және Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

 

  1. Комиссияның негізгі міндеттері

 

  1. Комиссияның негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның басымдықтары мен ұсынымдарына сәйкес Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстан Респубикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы №1677 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік тендік стратегиясының және Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлік тендік мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың контексіндегі отбасы мен гендерлік тендікке қатысты өңірлік бағдарлама қалыптастыру;

2) Отбасы мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік тендік стратегиясын іске асыру мәселері бойынша жергілікті атқарушы органдармен және азаматтық-қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау;

3) Әйелдердің жағдайы мен аудандағы отбасылық-демографиялық ахуалды талдау, Қазақстан Республикасындағы гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

4) Әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша өңірлік тұжырымдамалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;

5) Мыналарға:

әйелдерді басшы лауазымдарға , мәслихат депутаттарына ұсынуға, шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің 30%  өкілдігі болуына;

халыққа гендерлік білім беру мен ағарту, гендерлік білім беру жөнінде оқу-әдістемелік әдебиет, ақпараттық бюллетендер, бағдарламалар, әдістемелік құралдар әзірлеуге,  бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауға, ата-аналарды әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігінің мәселелері бойынша ағартуға, қыздарды техникалық мамандықтарға оқуға тартуға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға гендерлік көрсеткіштер енгізуге;

экономикалық саладағы әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне  қол жеткізуге, кәсіпкерлікті дамытуға, әйелдерді шағын және орта бизнеске тартуға, отбасылық бизнесті дамытуға, экономикалық білім беру орталықтарын ұйымдастыруға;

отбасы институтын нығайтуға, отбасы қатынастарында әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткізуге;

отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты түп-тамыры мен жоюға, әйелдер мен балалар трафигіне қарсы күрес жүргізуге демографиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу;

6) Халықтың  денсаулығын, оның ішінде ұрпақты болуын сақтау және нығайту, өмір сүру сапасын арттыру проблемаларын зерделеу бойынша ұсыныстар енгізу;

7) Жергілікті атқарушы органдармен, орталық  мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, заңды тұлғалармен, азаматтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықаралық ұйымдармен, ынтымақтастық, жыныстар теңдігінің мәселелері жөніндегі конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу;

8) Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, заңды тұлғалардың , азаматтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының Комиссия құзіретіне кіретін проблемалар жөніндегі ұсыныстарын қарау аудан әкіміне, тиісті ұсынымдар, сондай-ақ облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияға ұсыныстар дайындау;

9) Отбасы, жыныстар теңдігінің сақталмауы мәселелеріне қатысты азаматтардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарау болып табылады.

 

  1. Комиссияның өкілеттіктері

 

  1. Комиссия өз құзіретінің шегінде:

1) Өзінің отырыстарында жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы

органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, заңды тұлғалардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және азаматтарды тыңдауға;

         2) Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардан, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен және заңды тұлғалардан қажетті құжаттар, материалдар мен ақпараттар сұратуға және алуға;

         3) Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардан, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бұзу фактілері бойынша тексерулер мен қызметтік тергеулер жүргізу қажеттігі туралы өтініш жасауға;

         4) Аудан әкімі мен әкімдіктің жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерін қозғайтын актілердің жобасы бойынша ұсыныстар енгізуге;

         5) Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың және заңды тұлғалардың өкілдерін Комиссияның жүргізуіне жатқызылған мәселелерді қарау үшін комиссия отырыстарына шақыруға құқығы бар.

  1. Комиссия азаматтардың келіп түскен өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау қорытындылары бойынша материалдарды жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қарауына мәні бойынша шешім жолдай алады.
  2. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

 

  1. Комиссия өз қызметін осы Үлгі ережеге сәйкес әкім бекіткен Ереже негізінде жүзеге асырады.
  2. Комиссияны аудан әкімі тағайындайтын төраға басқарады.

             Комиссия төрағасының орынбасары болады.

  1. Комиссияға, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің заңдытұлғаларының өкілдері кіреді.
  2. Комиссияның отырыстары қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.
  3. Комиссия шешімдері отырысқа қатысқан өз мүшелері санының қарапайым көпшілік даусымен қабылдайды. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

         Комиссия отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып табылады.

         Комиссия шешімдері хаттамамен рәсімделеді.

  1. Комиссия төрағасы:

         1) Комиссияның қызметін ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады.

         2) Комиссия отырыстарының күн тәртібін қалыптастырады.

         3) Комиссия  отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді.

         4)  Комиссия мүшелерінің  ішінен Комиссия отырысының күн тәртібіне  енгізілген мәселе бойынша баяндамашыны белгілейді.

         5) Тоқсан  сайын аудан әкімі мен облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының алдында Комиссия жұмысының қортындылары туралы есеп береді.

         6) Өз шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауапты болады.

  1. Төраға болмағанда оның тапсырмасы бойынша Комиссия мәжілістерінде орынбасары төрағалық етеді.
  2. Комиссия хатшысы :

               1) Комиссия отырыстарының күн тәртібін дайындайды.

               2)Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;

               3) Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.

         14.Комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына алмастыру құқығынсыз дербес қатысады.

 

  1. Комиссияның қызметін қамтамасыз ету

 

  1. Комиссия қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық

қамтамасыз етуді аудан әкімі ақпараты жүзеге асырады.

Дата публикации
23 ноября 2020