«Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
туралы» Заңының 31 және 37-баптарына және Қазақстан Республикасының 2011
жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабына сәйкес
Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Исатай аудандық ішкі саясат және
тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Исатай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 170 «Исатай
аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. «Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік
мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды
алсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің
орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Мусин

Дата публикации
21 ноября 2025