«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына сәйкес
Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Исатай ауданының жергілікті атқарушы органдары
мемлекеттік мекемелерінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
2. «Исатай ауданы әкімдігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Исатай ауданы
әкімдігінің 2023 жылғы 16 мамырдағы № 78 қаулысы;
«Исатай ауданы әкімдігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Исатай ауданы
әкімдігінің 2023 жылғы 16 мамырдағы № 78 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Исатай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 08
тамыздағы № 116 қаулысы күші жойылды деп танылсын.
3. «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның
қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының
Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау облысы бойынша филиалына
ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің
эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Исатай ауданы әкімдігінің
интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Исатай ауданы әкімі аппаратының
басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі және 2025 жылғы 1 шілдесінен бастап туындаған құқықтық
қатынастарға қолданылады.
Исатай ауданының әкімі Н. Мусин