«Исатай ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Исатай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы №42 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

 

 

 

 

«Исатай ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Исатай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы

15  наурыздағы №42 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының              27-бабына, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының     1-бабының 7) тармағына сай, Исатай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Исатай ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Исатай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы №42 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4989-06 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Исатай ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына өзгерістер мәтіні:

2-тармағында:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, кіреберіс жерлердегі қорғауыштар (қалқалар), шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);»;

6), 8) тармақшалар алып тасталсын;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

16-8) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – кондоминиум объектісін басқаруға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауды және (немесе) қабылдауды қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы;».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Исатай ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі

Н.Мусин

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                                                    А. Рахметов

 

Дата публикации
21 ноября 2025