Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына
арналған конкурсты өткiзу туралы
хабарландыру
- «Атырау облысы Исатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2025 жылдың «08» желтоқсанында, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, Елорда 54а мекенжайында, жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткiзілетіндігін хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттерi(маршруттар) шығарылады:
1) Аққыстау селосы бойынша №1 ауданішілік маршрут «Теміржол вокзалы – «Сельхоз» шағын ауданы;
2) Аққыстау селосы бойынша №2 ауданішілік маршрут «Теміржол вокзалы – «Қаратүбек» шағын ауданы;
3) Аққыстау селосы бойынша №3 ауданішілік маршрут «Теміржол вокзалы – «Өркен» шағын ауданы;
4) Ауданішілік маршрут №4 «Тұщықұдық селосы – Аққыстау селосы»;
5) Ауданішілік маршрут №5 «Х.Ерғалиев селосы – Аққыстау селосы».
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiкқұралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
- Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Атырау облысы Исатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, Елорда 54а мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2025 жылдың «21» қарашасы.
- 2025 жылдың «10» қарашасында конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
- Анықтама алу үшiн телефондар: 8-71231-79190.